Директордың блогы
Біздің жетістіктер

Главная

         Жер жаннаты  Жетісудың төрінде орналасқан, тамыры тереңге жайылған Талдықорған жоғары медициналық колледжінің іргетасы 1936 жылы қаланған болатын.

            Ғасырға жуық тарихында оқу орыны қабырғасында мыңдаған кәсіби білікті мамандар білім мен өмірге жолдама алып, Отандық денсаулық сақтау саласында орасан зор үлестерін қосып келеді. Колледж түлектерінің арасында еңбек сіңірген атақты дәрігерлер, халық ризашылығына бөленген орта буын медицина қызметкерлері де аз емес.

               Сонымен қатар, осы жылдарда шыңдалған, ынтымағы жарасқан, бір мақсатқа жұмылған педагогтар ұжымы – ізгілік дәстүрін берік ұстанып, ізденіспен жұмыс істеп келеді. Олар кәсіби бейімділіктерін ұштап қана қоймай, болашақ медицина қызметкерлерінің сапалы білім алуына қызмет етіп,  патриоттық тәрбие беруді мақсат етеді.

               Алдағы уақыттарда да алар асуларымыз бен бағындырар белестеріміз мол болады деген сенімдеміз!

           Тәуелсіздік жылдары да  колледж тарихында елеулі оқиғалар мол болады. 1994 жыл оқу орда тарихындағы жаңа елеулі датаға айналады. Училище базасында Талдықорған медициналық колледжы құрылады. Колледжде  фельдшер, мейірбике, дантист,  фармацевт, гигиена көмекшісі, медициналық лаборант, мейірбике ісі мамандықтары  даярланып, тек  облыс көлемінде емес,  кең  байтақ еліміздің түкпір – түкпірінде медицинаның әр саласында  жемісті еңбек етуде.

           Колледждің жан – жақты дамып, биікке өрлеуіне  ат салысып, тер төгіп жүрген облысымыздың құрметті азаматы – медицина ғылымының кандидаты Жансеңгіров Серік Максимұлы 1997 жылдан бастап аталмыш білім ордасын басқарып келеді. Жансеңгіров Серік Максимұлы – дәрігер, медицина ғылымының кандидаты Алматы облысының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі», Алматы облысының  дәрігер – педагогы, Денсаулық сақтау ісінің бірінші дәрежелі  дәрігер – ұйымдастырушысы, Талдықорған қалалық маслихатының бірнеше шақырылым депутаты, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі мен «Сапа көшбасшы-2015» және «Экономика көшбасшы-2015» медальдарының  иегері.

           Колледждегі білім беру үрдісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндеті білімнің стандартына сәйкес жүргізіледі. Бүгінгі таңда колледж ұжымы оқу-тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында оқытудың дуалдық жүйесін негізге ала отырып еңбек етуде. Заманауи талаптарға сай симуляциялық орталықтың ашылуы-үлкен жетістіктің бірі.

           Бүгінгі күні Талдықорған медициналық колледжі тек Алматы облысы көлемінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының үздік білім беру ордаларының бірі. Колледж Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының алдынғы қатарлы медициналық білім беру ұйымдарымен байланыс орнатып болашаққа айқын мақсаттар қойып отыр.

           Колледж  Алматы облысында алғашқы болып 2016 жылдың сәуір айында  арнайы мамандандырылған және институцияналды аккредиттеуден  сәтті өтіп, барлық  маманық бойынша  сәйкестік деңгейін дәлелдеді.

          2018 жылы Талдықорған медициналық колледжі «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» болып атауы өзгертілді. 

         Білім сапасы, жастардың тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыру – Талдықорған медицина колледжі жетістігінің басты құпиялары. Бұл колледж жұмылдырылған, әртүрлі тәжірибелік жұмыстар атқаруға қабілетті. Бұл - қызу шығармашылықты оқу орны, бұл - болашақ колледжі. 

По всем интересующим Вас вопросам обращайтесь по телефонам:

Также Вы можете задать вопрос, воспользовавшись формой обратной связи:

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Адрес:
040009, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі,