Директордың блогы
Біздің жетістіктер

Антикоррупционная политика

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Бұл “Акамедиялық адалдық Саясаты” (әрі қарай «Саясат»)ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК-ның білімалушыларының академиялық адалдығы мәселелеріне әділ, ашық, оңды көзқарасты қамтамасыз ету мақсаттарын ету мақсаттарын көздейді.
    2. Колледж – бұл техникалық және кәсіби білімді мамандар даярлайтын қоғамстық. Білім беру сапасы адалдық, сенім, сабырлылық, әділдік және жауапкершілік қағидаларына негізделеді. Маман дайындайтын жоғары деңгейіне сапалы оқыту мен академиялық жұмылдыру арқылы жетуге болады.
    3. Колледж «Академиялық адалдық Саясаты» ережелерінің сақталуын қызметкерлер мен білім алушылардан талап етеді.Академиялық адалдықты бұзу, оның кез – келген көріністері Колледждің құндылықтар жүйесіне қарама-қайшы келеді.Академиялық оқу процесі тұтастығы мен берілген академиялық дәреженіңсапасы білім сапасына тікелей тәуелді.Оқытушылар және оқушылар тарапынан да болған арсыздық оқу процесі және оның нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін.Білім алушылар мен Колледж қызметкерлерінің тарапынан болғанАкадемиялық адалдық саясатын бұзушыларға тиісті санкциялар қолданылады.
    4. Осы Саясат қағидаттары: Барлық білім алушыларға;Колледждің кез келген ережлері мен осы Саясатты бұзған және уақытша шығарылған білім алушыларға қолданылады.
    5. Білім алушылар Колледж санкцияларының құзыретті органдардың азаматтық және қылмыстық юридикция санкцияларын жоққо шығармайтыны туралы хабардар болу керек.

2. ҚАҒИДАТТАР

    1. Академиялық Саясаты табысты іске асыру үшін, осы Саясат шеңберінде өткізілетін барлық рәсімдер айқын және таза болу керек.
    2. Процеске қатысушылар арасында паритетті және сенімді қарым-қатынас орнайды.
    3. Білім алушылар барлық ақпараттарды: оған түскен шағымдар, инцидентті тексеру барысы, қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ бұл шешімдерді қайта қарауға арыз беруге құқылы.

АНЫҚТАМАЛАР

Директор

  • колледж басшысы.

Директор орынбасары

  • колледждің әкімшілік бөлімі басшысы

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жауапты адам

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жүргізілетін жұмысты тәуелсіз тексеруді жүзеге асырушы жауапты тұлға

Оқытушы

  • оқыту үшін жұмысқа қабылданған маман

Куратор

  • білім алушылар тобына колледж ережесі және оқу процесіне қатысты кеңес және тәлім беруге тағайындалған оқытушы

Білім алушылар

  • кез келген академиялық дәрежелер алатын қатысушы (студент)

Колледж

  • Талдықорған жоғары медициналық колледжі

Бөлім

  • бөлім меңгерушісі басқаратын негізгі оқу бөлімшісі

Саясат

  • академиялық адалдық саясаты

Тәртіптік есепке алу

  • осы Саясаттың тәртібін бұзушылар туралы құжаттар. Тәртіптік есепке алу құпия жүргізіледі. Ол академиялық транскриптің бөлігі болып табылмайды және осы Саясатта бұзу туралы ақпаратты және шешімдерді қамтиды, академиялық транскрипт және тек ақпаратты ережелерін бұзу туралы және қабылданған шешім осы Саясатты қамтиды.

Емтихан

  • тест, сауалнама, аралық бақылау, қорытынды емтихан, қайта тапсыру түріндегі білім сапасын бақылау әдісі

Уақытша шеттету

  • осы Саясат шеңберіндегі санкция білім алушыны колледж бадарламасы бойынша белгілі бір уақыт аралығында білім алу құқығынан айырады

Колледжден шығару

  • колледжде білім алушының барлық құқықтары мен өкілекттіктерін айыру

ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР

    1. Колледж білім алушылар мен қызметкерлерінің қоғамдастық мүшесі ретінде құқықтары мен міндеттері туралы барынша ақпараттандыруды қамтамасыз етуге тиіс. Колледж әрбір білім алушының академиялық үлгерімі және тәртіп бұзу туралы ақпараттың құпиялығын сақтаудың маңыздылығын мойындайды және заңнамалық және реттеуші талаптарға сәйкес соны жария етуден қорғауға міндеттенеді.
    2. Оқытушылар құрамы және әкімшілік осы саясатқа қайшы келмейтін шарттарды қамтамасыз етуге жауап береді және білім алушыларға табысты білім алуға көмектесуі тиіс.
    3. Кураторлар білім алушылардың құқықтары мен міндеттерді туралы осы Саясат шеңберінде кеңес беруге тиіс, білім алушылардың директор және жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жауапты тұлғамен кездесулеріне қатысуы тиіс.
    4. Білім алушылар өз міндеттерін орындау және өз білімін әділетті, тең құқықтық бағалау кезінде этика қағидаттарын ұстанулары тиіс.
    5. Оқытушылар барлық курстардың білім алушыларына академиялық адалдық және этика сақтау және тапсырмалар, емтихан материалдары бойынша нақты нұсқау беру қажет.

 

ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚ

Бұл бөлімде академиялық адалдық Саясатының нормалары жэне қағидаттарын бұзушылықтың негізгі түрлері қарастырылады.

    1. ПЛАГИАТ

Плагиат басқа адамдардың идеяларын әдейі өзінің жекеменшігі ретінде ұсыну болып табылады.

Плагиат жагдайларына бөгде біреудің жарияланған немесе жарияланбаған жұмысын өңдеу немесе ауыстырып қолдану, түпнұсқасқаға сілтемелерсіз өз меншігі ретінде жариялау жатады.

    1. РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ЖҰМЫСТЫ ҚАЙТА ТАПСЫРУ

Білім алушылар бір реттен көп бірдей жүмысты курс оқытушысының алдын ала рұқсатынсыз тапсыруға құқығы жоқ.

Аздаған өзгерістер мен түзетулер, мысалы, эссе немесе басқа жазбаша жұмыстардагы сөздерді ауыстырып қолдану қолайлы өңдеу болып табылмайды.

    1. РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН БІРЛЕСКЕН немесе ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖҰМЫС

Білім алушылармен ынтымақтыстықта қол жеткізген білім алушының үлгерімі оқу үдерісінің маңызды және айшықты компоненті болып табылады. Бірақ әрбір білім алушының қабілеті мен жетістігінің негізін әркімнің өзі қалыптастыру керек екені маңызды.

Топтық жұмыстың эділетті жэне адал бағалануын қамтамасыз ету үшін , егер оқытушы тапсырманы жеке орындауды талап етсе, білім алушылар академиялық тапсырмаларды орындауда ынтымақтасуға тиісті емес. Оқытушының кез келген тапсырмасын толық немесе ішінара орындамау осы Саясат ережесін бұзу болып табылады.

Рүқсат етілмеген жүмысқа тартылган барлық білім алушылар осы Саясатқа сәйкес жазаланады жэне төменде келтірілген санкцияларға ұшырайды.

    1. МАЗМҰНДЫ БҰРМАЛАУ

Білім алушылар және оқытушылар өтірік тапсырмаларды, зерттеулерді, сертификаттарды және тағы басқа қүжаттарды тапсыруға немесе ұсынуға тиісті емес.

Бұрмалауға жататындар (бірақ олармен шектелмейді):

  • Дипломдық және курстық жұмыстардың өзгертілген материалдар мен қорытындысы;
  • Ойдан шығарылған фактілер мен дереккөздер;
  • Жалған медициналық анықтама;
  • оқуға түсу үшін қолдан жасалған қүжаттар;
  • Жалған ұсыным және басқа да хаттар;
  • Жалған транскриптер, диплом немесе басқа да тіркеу деректері;
  • Тапсырмаларды тапсыру уақытымен күнін өзгерту;
  • Бағалау деректері немесе емтихан материалдарын өзгерту;
  • Білім бағалау немесе қайта тапсыруды өзгерту.
  •  
    1. БАСҚА АДАМНЫҢ АТЫН ЖАМЫЛУ

Академиялық пайда табу мақсатында емтихан, тест, зертханалық жүмыстарды орындау, немесе басқа да тапсырмаларды тапсыру кезінде өзін баска адам ретінде көрсету академиялық адалдық ережелерін бүзу болып табылады.

    1. ДЕРЕКТЕРДІ ЖАСЫРУ

Академиялық пайда табу немесе алдау мақсатында деректерді, транскриптердінемесе басқа да академиялық құжаттарды жасыру академиялық адалдық ережелерін бұзу болып табылады.

    1. КЕДЕРГІЛЕРМЕН ТОСҚАУЫЛДАР ҚҰРУ

Әділетсіз академиялық пайда табу мақсатьшда басқа адамдардың оқу немесе гылыми қыэметін оқшаулау немесе кедергі жасау академиялық адалдық ережелерін бұзу болып табылады.

Бұл (бірақ шектемейді) жалған мәліметтер, файлдар, қолжазбалар немесе басқа да материалдарды, гылыми жүмыстарды, аспаптарды бүлдіргені немесе кітапхана мүлкі, электрондық немесе басқа да материалдарды академиялық мақсатында пайдаланылуды қамтиды.

    1. АУДИТОРИЯЛЬІҚ САБАҚТАРДЬІҢ ТҰРАҚТАЛМАУЫ

Колледж оқыту үшін қауіпсіз жағдайларды туғызуға міндеттенеді. Оқытушының негізді анықтамасы бойынша сабақты өткіздірмеу мақсатындагы кез- келген әрекет Саясат ережелерін бұзу болып табылады.

    1. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОҚУ ТӘРТІБІ

Колледж білім алушылары колледждің нормативтік актілері мен жарғысы, заңнамасына сай мінез-қүлық ережелері және оқу тәртібіне бағынуға міндетті. Оқытушылар және студенттер тарапынан ережені сақтамау және оқу тәртібін бұзу тэртіп бүзушылық болып табылады және Колледж № ІҚосымшаға сәйкес оілім алушыны оқудан шығаруға құқылы.

    1. РҰҚСАТСЫЗ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

Жеке гіайдасы үшін құпия ақпараттар, емтихан материалдар мен тест сұрақтарына, басқа да материалдарға санкциясыз қол жеткізу Саясат ережелерін бұзу болып табылады.

    1. ДЕРЕКТЕРДІ РҰҚСАТСЫЗ ТАРАТУ

Қүпия ақпаратты үшінші тұлғаның алдын ала келісімсіз жариялауы, таратуы Саясат ережелерін бұзу болып табылады. Жинақталған және сақталған жалпыға қол жетімсіз ақпараттар және құжаттар құпия ақпаратты қамтиды.

    1. АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУДА КӨМЕККӨРСЕТУ

Академиялық адалдық ережесін бұзуда кімге болса да көмек көрсету академиялық тұтастық қағидаларын бұзушылық болып қарастырылады және осы Саясатқа бағынады.

Мысалы, басқа білім алушыға басқа сабақта орындалған тапсырманы әкеліп беру және тапсырманың бір бөлігін өзінің жеке тапсырмасы ретінде көшіруге рұқсат беру осы Саясатты бұзу болып табылады.

    1. ТЕСТТЕР ЖӘНЕ ЕМТИХАНДАР

Колледж бақылау емтиханының әділ, бірізділікпен өтуіне кепілдік береді. Білім алушылар осы міндеттеменің бөлігі ретінде бақылау емтиханы және білімді бағалау ережелерін орындауга тиісті.

Бұл Саясатты емтиханда бұзган білім алушы емтиханда алдау, өзге де алаяқтық немесе емтихан ережелерін бұзатын басқа жолмен өзіне пайда табуға тырысқанда осы Саясат санкцияларына үшырайды. Сондай-ақ емтихан ережелерін бұзу және мінез көрсету бүл Саясатты сақтамау болып саналады (бүл ереже 2-Қосымшасында келтіріледі, 3-осы Саясатта).

 РӘСІМДЕР

    1. БОЛЖАМДЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Оқытушылар осы Саясатты бұзудың барлық болжамды жағдайында кафедра меңгерушісіне және жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жауапты тұлғаға электрондық хабарлама арқылы хабарлауға тиіс.

Егер өтінішті электронды хабарлама арқылы беруге мүмкін болмағанда, оқытушы кафедра меңгерушісіне және жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жауапты тұлғаға болжамды бұзу жағдайлар туралы жазбаша нысанда хабарлауы тиіс.

Оқиға белгіленген нысандағы үлгі бойынша мазмұндалуы қажет.

Кафедра меңгерушісі, жемқорлыққа қарсы әрекеттерге жауапты тұлға және колледж экімшілігінің басқа да мүшелері, академиялық тұтастықты қамтуға жауаптылар талап еткенге дейін болжамды бұзушылыққа жататын барлық дэлелдемелер оқытушыда сақталуы тиіс.

    1. ХАБАРЛАМАЛАР

Оқытушы білім алушылардың осы Саясатты бұзуы туралы ауызша, немесе, егер бұл мүмкін болмаса, электрондық пошта немесе телефон арқылы хабардар етуге тиіс.

    1. АППЕЛЯЦИЯ

Егер білім алушы осы Саясат ережесін бұзғаны туралы айыптаумен келіспеген жағдайда апелляцияға беруге құқығы бар.Апелляция осы Саясаттың ережесін бұзу фактісі өтініш түрінде берілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ресімделеді және тіркеледі.Кафедра жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауапты адаммен бірге оқытушы мен білім алушылар үсынған материалдарды және дәлелдемелерді қарайды және зерделейді.Кафедра жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауапты адаммен бірге білім алушы апелляцияға байланысты өтініш берілген сәттен бастап бес жүмыс күні ішінде барлық алдағы мүмкіндіктеріне қарамай шешім қабылдауы тиіс.Кафедра жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауапты адаммен бірге білім алушымлармен әңгімені негізге ала отырып, барлық тиісті дәлелдемелерді, осы Саясатты бұзушылық орын алғанын анықтайды, егер бұзушылық дәлелденген жағдайда төменде көрсетілген санкциялар қолданылады.Егер кафедра білім алушы тәртіп бұзбаған деп шешсе, онда білім алушы, осы оқиғаға қатысты санкциялардан босатылады.

    1. САНКЦИЯЛАР

Колданылатын санкциялар 1 -кестеде көрсетілген

 

      Семестр бойынша бұзушылықтар                         1-кесте

 

Бұзушылық

Санкциялар

Бірінші

Ескерту

Екінші

Сөгіс

Үшінші

Колледжден шығару

    1. АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ САЯСАТЫН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛҒАН КЕЗДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ АЛГОРИТМІ

            Кез келген академиялық нормаларды бұзу анықталған жағдайда оқытушы:

  • білім алушыға “қанағаттанарлықсыз” деген баға қою;
  • кафедра меңгерушісіне барлық қатысушыларды көрсете отырып тәртіп бұзу көлемі көрсетілген мәтін және оның дереккөзін, сондай-ақ бұзушылық жасаған білім алушыға қолданылатын елеулі мәні бар шешім және тәртіптік жаза қолдану жайында келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтік жазба (баянат) ұсыну;
  • баянатқа білім алушының бұзушылық мазмұны немесе фрагменті бар жұмыс көшірмесі қоса беріледі.
    1. АЛДЫҢҒЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Кафедра осы Саясаттың ережелері бұзылғаны жайында акпаратты сактауы тиіс. Егер, бұзу орын алғанын директор аныктаса, осы білім алушының тәртіптік және баска да бұзушылықтарын тексеруі қажет.

    1. АЛДЫҢҒЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Шешім. Апелляция жағдайында кафедра меңгерушісі өз шешімі туралы жазбашатүрде бес жұмыс күні ішінде білім алушыға ескертуі керек.Егер осы Саясат бұзылуына қатысты накты шешім кабылданғанға дейін алдагы зерттеу жүргізу кажеттілігіне кафедра меңгерушісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты тұлғамен бірге қорытындыға келсе, осы Саясатты бұзғаны жайында нақты шешім шыгарганға дейін, білім алушыға кез келген жаңа ақпарат жөнінде хабарлап, оқигаға катысты өз көзқарасын жеке немесе жазбаша түрде түсіндіруге мүмкіндік беріледі.Егер кафедра меңгерушісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жауапты тұлгамен бірлесіп осы Саясатты бұзу орын алған деп шешсе, бұзу сипатын жазбаша түрде енгізген шешім, нұсқау салынған санкциялар мен тиісті бөлімдер, соның негізінде қабылданған шешім және санкциялар білім алушыға хабардар етіледі.Егер меңгеруші сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жауапты тұлгамен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлықка карсы әрекет деп шешсе, осы Саясатты бузу хаттамасын есепке алу жүргізілуі мүмкін болады.Егер білім алушы осы Саясат ережелерін бүзғанын мойындаса, бүл фактқа сілтеме хатта көрсетілуі тиіс.Білім алушыга, сондай-ақ апелляциялық процестің барлык кезеқдерінде өтінішті беру күкыгы туралы хабарлау қажет.Кейбір жагдайларда білім алушы қате кеткен тапсырманы қайта тапсыруга рүксат сүрауы мүмкін. Меңгеруші тапсырманы тексеруге бейтарап жақты шақыруга (ягни, баска окытушы) кұкығы бар.Кафедра меңгерушісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша 1 жауапты тұлғамен бірге осы Саясатты бұзу болмады деп шешкен жагдайда, ' хаггама толтырылмайды.Кафедра меңгерушісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жауапты тұлғамен бірге колледжден шығару немесе шеттету ұсына алады.Осы Саясаттың ережелері мен қағидаттарын бұзу барысында білім алушы алтыдан көп бұзушылық жасағанда , меңгеруші сыбайлас жемқорлыкқа қарсы іс-әрекет бойынша жауапты тұлғамен бірге колледж директорына білім алушыны сабақтан шеттету немесе колледжден шығару туралы жазбаша түрде баяндайды.

ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ

ЦӘКәр білім алушының осы Саясатты бұзған жағдайларын есепке алуы қажет . Осындай есепке алудың мақсаты білім алушыға сол немесе өзге де санкцияларды салу үшін алдыңғы бұзушылықтарды анықтау болып саналады. Бұзушылықтарды есепке алу басқа мақсатта қолданылмауы тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу "Академиялық адалдық Саясатын” жаңа редакцияда басып шығару колледж директорының немесе өзге де уәкілетгі лауазымды тұлғаның бұйрығы негізінде Колледждің мүдделі лауазымды тұлғаларына жеткізіледі.

Осы Саясат белгіленген тәртіп бойынша Колледж директоры немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға бекіткен күннен бастап күшіне енеді және оны қолдану тоқтатылған сәтке деиін қызмет етеді. Осы Саясатты барлық мүдделі түлғаларға жеткізуді қамтамасыз ететін және оның тиісінше орындалуын бақылайтын кадрлар бөлімінде осы Саясат түпнүсқасы сақталады, қүжаттың көшірмесі оқу-әдістемелік жүмыстар және білім беру бағдарламаларын бағалау мониторингі бөлімінде сақталады.

 

 

 

 

По всем интересующим Вас вопросам обращайтесь по телефонам:

Также Вы можете задать вопрос, воспользовавшись формой обратной связи:

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Адрес:
040009, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі,