БІЛІМГЕДІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ
Білімгер:
- өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы (азаматшасы) болуға ұмтылады.
- үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады.
- парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.
- салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады.
- оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, тазалығын қадағалайды.
- Медициналық колледж оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.
- оқу орнының қабырғасынан тыс уақытта, өзін колледждің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды
- академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау;
- жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату т.б. әрекеттерге жол бермейді.
Білімгер міндетті:
- колледж атынан жүргізіліп жатқан іс-шараларда немесе колледж аумағында жүргізілетін жұмыстарда саяси мәдениеттілікті сақтауға;
- оқытушыларды адал жолдан тайдырмауға, алдаумен байланысты жасалған кез келген іс-әрекетке араласпауға және оларға қатысты өздерін дөрекі және мәдениетсіз ұстамауға;
- емтихан тапсыру кезінде, тапсырма орындауда немесе жазбаша жұмыс қорғауда және басқа да білімді аралық бақылау кезеңінде көмек пайдаланбауға;
- емтиханды жазбаша тапсыру, реферат, бақылау жұмысын орындауда өз жеке еңбегі нәтижесі ретінде басқа біреудің жұмысын көрсетпеуге (интернет және басқа электронды, web-көздері);
- себепсіз сабақтан кешікепеуге немесе қалмауға;
- сабақ уақытында ұялы телефонды пайдаланбауға, арнайы техника қолдану арқылы ойын ойнап, музыка тыңдамауға;
- басқа білімгерлермен қарым-қатынас жасауда іскерлік ережені және білімгерлік этика қағидаларын сақтауға;
- жүріс-тұрысында, киім киюде ұқыпты болуға;
- жатақханада тұрғанда әкімшілік және басқа тұрғындармен келіспеушіліктен аулақ болуға және олармен жақсы қарым-қатынаста болуға;
- колледж әкімшілігімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен сыпайы қарым-қатынаста болуға және дөрекілікке жол бермеуге;
- жеке тұлғаның намысына тиетін лексика және нормаға сай емес сөздер қолданбауға;
- колледж бірлестігінде өзара сыйластық пен сенім кеңістігін, жоғары академиялық мәдениетті құптауды қамтамасыз етуге, пайда болған араздықты бейбіт жолмен шешуге тырысуға, басқа білімгерлерге қатысты жасалған қорлыққа жол бермеуге;
- Талдықорған медициналық колледжінің беделіне немесе білімгерлік бірлестік абыройына нұқсан келтіретін іс-әрекеттен аулақ жүруге;
- колледж аумағында және оқудан тыс уақытта алкагольдік ішімдіктер, денсаулыққа зиян келтіретін заттар қолданбауға;
- колледж мүлкінің бүтіндігін сақтауға;
- колледж имиджінің жақсаруы, бірлестік мәдениетін көтеру, білімгерлік белсенділікті дамыту (ғылыми-оқу, спорттық, шығармашылық, азаматтық), өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған қажетті және пайдалы барлық іс-әрекетті қолдауға;
- осы Кодекс ережелерінің бұзылуына қатысты жағдайды шешуге қатысуға, оқу үрдісіне және жалпы ұйымдастыру сұрақтарына байланысты өз пікірін айтуға құқылы;
- Білімгерлердің өз-өзін басқару ұйымы өз қалауы бойынша берілген Кодекс ережелерін бұзушыларға: көпшілік талқысына салуға, өзін-өзі басқару ісіне қатысу құқығынан уақытша айыруға құқылы. Әр мамандық мұндай талқыға салу сұрақтарын өзін-өзі басқару ұйымында өздері шеше алады.
3. КОДЕКС ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
3.1 медицина колледж қызметкерлері мен білім алушылары Ар-намыс кодексін білуі міндетті, қызметі мен мінез-құлқы үшін колледж әкімшілігі алдында жауапты.
- Ар-намыс кодексі оқытушылар мен білім алатын білімгерлердің бәріне бірдей, тең дәрежеде ортақ іс.
- Медицина колледжінің әрбір оқытушысы мен білімгері осы кодекстің орындалуы үшін моральдық жауапты.
- Кодекс ережелерінің бұзылуы колледж қызметкері мен білімгерінің мәртебесіне лайықсыз әрекет ретінде қарастырылады.
- Ар-намыс кодексінің орындалуын бақылау колледждің өзін-өзі басқару ұйымына және әкімшілік кеңесте сарапталанады.
- Ар-намыс кодексі нормаларын бұзғаны үшін білім алушылар мен оқытушыларға келесідей шаралар қолданылуы мүмкін:
- бұқара алдында кешірім сұрауға кепілдеме;
- Медицина колледжінің кеңесі мәжілісінде талқылау;
- тәртіпті болуға ықпал ету.