Білім ордасының тарихы – тұтас білім беру жүйесінің құрамдас бір бөлігі екені айдан анық. Жер жаннаты Жетісудың төрінде орналасқан, тамыры тереңге жайылған Талдықорған медициналық колледжінің іргетасы 1936 жылы қаланған болатын.
Ғасырға жуық тарихында оқу орыны қабырғасында мыңдаған кәсіби білікті мамандар білім мен өмірге жолдама алып, Отандық денсаулық сақтау саласында орасан зор үлестерін қосып келеді. Колледж түлектерінің арасында еңбек сіңірген атақты дәрігерлер, халық ризашылығына бөленген орта буын медицина қызметкерлері де аз емес.
Сонымен қатар, осы жылдарда шыңдалған, ынтымағы жарасқан, бір мақсатқа жұмылған педагогтар ұжымы – ізгілік дәстүрін берік ұстанып, ізденіспен жұмыс істеп келеді. Олар кәсіби бейімділіктерін ұштап қана қоймай, болашақ медицина қызметкерлерінің сапалы білім алуына қызмет етіп, патриоттық тәрбие беруді мақсат етеді.
Алдағы уақыттарда да алар асуларымыз бен бағындырар белестеріміз мол болады деген сенімдеміз!
ИГІ ІСТІҢ БАСТАМАСЫ
«Аялы бір емші жүздеген жауынгерден артық», - деген сөз жолдары оқу ордамыздың дәрігер-педагогтардың бірнеше ұрпақтарының ұрандарына айналып отыр. 1935 жылы 3-9 каңтар аралығында Алматы каласында Казақстан дәрігерлерінің І ғылыми-ұйымдастыру съезі өтті. Ол жиында жолдас Құлсартов Қазақ КСР денсаулық сақтау комитетінде оқыған баяндамасында Қазақ КСР денсаулық сақтаудың жағдайы мен тапсырмалары туралы айта келіп, Талдықорған ауданында дәрігер-хирург Николай Васильевич Желваков сияқты денсаулық сақтау ісінің көбасшылары бар екенін атап көрсетіп, олардың еңбегі мен тәжірбиесінің маңыздылығына тоқталды.
Ал, 1936 жылы Николай Васильевич Желваковтың бастамасынмен Талдықорған қаласында балаларды тәрбиелеу мекемелерінде қызмет ететін аяжандарды дайындау метеп-курсы ұйымдастырылды. Мектеп Талдықорған қаласының Советская 87 мекенжайы бойынша орналастырылды. Ол бүгінгі күнгі Абылайхан мен Төлебаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Білім алушылардың алғашқы контингенті 30 адамды құрады.
1940 жылғы аталған курс облыстық аяжандар мектебі болып қайта құрылды. 1942 жылы мектепте Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы әйел Зоя Космодемьяскаяның аты беріледі.
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында облыстық курста жылдамдатылған бағдарламамен майдан қажеттіліктеріне аяжандар дайындалды. Осы кезде оқу орынының қабырғасында майдан шебінен көшірілген атақты медицина өкілдері, атап айтсақ профессор Богоявленский (Харьков медициналық институты), профессор Автономов, профессор география және биология ғылымдарының кандидаты, Каверия Валериан Тимофеевич (1944-1947 жж. аралығындағы мектеп директоры), Александровская (1943 жылы оқу бөлімінің меңгерушісі) дәріс жүргізді.
Ол кезде мектепте тиісті оқу кабинеттері мен зертханалар болған жоқ, оқулықтар мен көрнекілік құралдар тапшы болған. Білімгерлер контингентінің 131 оқушы болса, 10-ы ғана қазақ қыздары еді. Қазақ жастарын көптеп оқуға тарту мақсатында аудандарды аралалап, үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұратын. Мектем қарамағында сол кезде шаруашылыққа керекті 7 ат, 1 автомашина, 31 гектар жүгері, сұлы күнбағыс, бидай, егін егетін жерлер болды.
Сондай қиындықтарға қарамастан, мектепті біраз түлектер бітіріп, Отанымздың денсаулық сақтау ісіне өз үлестерін қосқандар аз болмады. Мысалы: Адодина Татьяна Сергеевна – 1945 жыл түлегі. 33 жыл бойы обаға қарсы күресу станциясында лаборант болып қызмет жасады. 1983 жылдан құрметті демалыста.
Масалимова Жамбыгүл - Талдықорған облыстық медбикелік мектепті 1946 жылы бітірген бірінші қазақ қызы. Денсаулық сақтау саласына 42 жыл еңбегін сіңірген. Талдықорған қаласының және Талдықорған ауданының әр түрлі мекемелерінде медбике болып жұмыс істеген.
Козловская Юзефа Казимировна мектептің 1947 жылғы түлегі, Киров ауданы Бесқайнар ауылында малярияға қарсы медицина пунктінің ұйымдастырушысы. Орта Азиялық обаға қарсы ғылыми зерттеу институтын эпидемиобактериолог лаборанты мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, Талдықорған обаға қарсы станциясында, одан кейін қан құю станциясында ары қарай облыстық санитарлы-эпидемиологиялық станциясының ерекше қауіпті жұқпалы бөлімінде жұмыс істейді.
Сонымен қатар олардың курстастары Прокопченко Валентина Алексеевна көз аурулар ауруханасында медбике, сосын қалалық балалар ауруханасында жұмыс істеді.
Герасюк Ольга Ульяновна өзінің еңбек жолын Октябрь ауданы, Көктал ауылында медбике болып бастаған. Бұдан кейін 20 жылдай Текелі қаласында ішкі істер басқармасы емханасында аға медбике болып жұмыс істеді.
1948 жыл түлегі Байсакова Мариям Саттыбаевна теміржол саласында, содан кейін Қаратал аудандық орталық ауруханасында қызмет атқарады.
1949 жыл түлегі З.Г.Порублева оқуын жалғастырып, дәрігер-окулист болып жұмыс істеген. З.Г.Порублева «Денсаулық сақтау үздігі», «Санитарлық қорғау үздігі» белгілерімен, «Үздік еңбегі» үшін медальмен марапатталды.
Волкова Евдокия Матвеевна Коксу аудандық орталық ауруханасында медбике болып, 1977 жылдан облыстық кеңес беру емханасында аға медбике болып жұмыс істеді.
ЖАҢА ДӘУІР – ЖАҢА СЕРПІН
Мектеп тарихында 1954 жыл атаулы датаға айналды. КСРО Министрлер Кеңесінің шешімі бойынша 01.08.1954 жылы Зоя Космодемьянская атындағы Талдықорған облыстық мейіргерлер мектебі облыстық училище болып қайта құрылып, үш жылдық оқу жүйесіне көшеді. 1956 жылы оқушылыр саны 200 адамға дейін өсті. Жыл сайын училищеден 70-120 дейін орта буынды медицина мамандары шығарылып отырды. Оқытушылар құрамы 31 маманды құрады. Олардың ішінде алдыңғы қатарлы жоғарғы дәрежелі тәлімгерлер Язвинская Нина Борисовна, Дроздова, Слонов, С.А.Айбакирова, Н.И.Бедерова, Тосиков, Ю.А.Азбель, Н.П.Семейкина, Н.К.Тарасова, З.Т.Ананьина.
Осы жылдардың түлектері де болашақта халық ризышылығына бөленген мамандарға айналады. Ерекше атап өтетін болсақ. 1957 жылдың түлегі Кулдияров Валентина Николаевна 30 жылдан астам уақыт Талдықорған қалалық алғашқы көмек көрсету станциясында жұмыс істеген.
1958 жылдың түлегі Постникова Евдокия Андреевна 45 жылдық еңбегінде Қапал зерносовхоздық денсаулық сақтау пунктінде жұмыс істеген.
Оқу ордамыздың ерекше мақтанышы Мулюков Ахат Аминович 1959 жыл түлегі. Алматы медициналық интитутын хирургия инстититутының клиникалық ординатурасын 1959 жылы үздік бітіргеннен кейін, 1974 жылға дейін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған госпиталында хирург болып жұмыс істеді. Кейін 20 жылдай Қазақ Советтік Социолистік Республикасының Коммунистік партия орталық Комитетінің бірінші хатшысы мемлекетіміздің басшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың жеке дәрігері болды. Қазіргі уақытта медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақ КСР денсаулық сақтау ісінің Үздігі», «Құрмет» орденінің, «Еңбек ардагері» медальінің иегері. Дәрігер анестезиолог А.А.Мулюков Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқаруындағы Орталық клиникалық ауруханада еңбек етуде.
Үш дос Исмаилов Нүсіп Наутаевич, Сыдықов Шаймерден Сыдыкович, Менис Асылбек Қасабекович 1960 жылы Талдықорған облыстық училищені аяқтағаннан кейін Талдықорған облысы бойынша мал отгондарындағы медициналық пункттерге фельдшер болып жіберілді. Кейін Семей медициналық университетін бітіріп, дәрігер дипломын алды. Нүсіп Исмаилов аспирантурада оқуын жалғастырып, 1975 жылы .кандидаттық дисертациясын қорғайды. 1994 жылы медицина ғылымының докоры атағын алды. Қазіргі уақытта профессор Н.Н.Исмаилов І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде қызмет атқаруда. Шаймерден Сыдықов облыстық қан құю станциясында бас дәрігер, хирург болып, кейіннен Талдықорған облыстық ауруханасында, Алматы облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары болып қызмет атқарады. Қалалық маслихат депутаты, «Денсаулық сақтау ісінің Үздігі», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының иегері.
1972 жылғы дейін медициналық училище балшықтан салынған ғымаратта орналасып келді. Тек 1972 жылы ғана училище төрт қабатты жаңа оқу корпусына көшірілді. Онда 15 теориялық оқыту кабинеттері, 7 зертхана болды. Кітапхана 2 бөлмеде орналастырылды. Клиникалық кабинеттер ашылды. Осы кезде училищеда фельдшерлік, акушерлік, мейіргерлік, фармацевтикалық бөлімшелер қызмет етті. Білімгерлер саны 720 адамға дейін жетеді. Осы жылдары училищенің болашақ бағытын анықтайтын, шеберлігі шыңдалған оқытушылар құрамы қалыптасады. Олар:
Степанова Галина Арсентьевна - 1971 жылдан химия және биология пәнінен оқытушы, бөлім меңгерушісі, қазіргі уақытта Ресейде Федерациясында тұрады.
Ли Эльза Викторовна 1973 жылдан терапия пәнінен оқытушы, оқу тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Үздігі», «Денсаулық сақтау ісінің Үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында.
Корнеева Тамара Николаевна 1973 жылдан хирургия пәнінен оқытушы, өндірістік тәжірібие меңгерушісі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», қазіргі танда құрметті еңбек демалысында.
Жанақбаева Раушангул Қуандыковна 1976 жылдан анатомия пәнінен оқытушы, әр жылдары оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі.
Суслова Тамара Александровна 1972 жылдан акушерия пәні оқытушысы.
Гриб Алевтина Андреевна 1975 жылдан фармакология және латын тілі пәндерінің оқытушы болып қызмет атқарды.
Рахимова Амина Шариповна 1972 жылдан фармакология пәнінің оқытушы. Талдықорған қалалық ауруханада «Қайырымдылық клубын» ұйымдастырушы.
Нусупбекова Мара Имансериковна әр жылдары оқу тəрбиесі жөніндегі директордың орынбасары, медицина жұмысшыларының кәсіподақ төрайымы, «Қапал-Арасан» санаториясының бас дəрігері қызметтерін атқарды.
Осы жылдары осындай тәлімгерлерден тәлім алған ең үздік түлектер қатары да аз болмады. Атап өтетің болсақ:
Веревкина Галина Михайловна 1971 жыл түлегі, Алматы медициналық институтын бітіріп, тері-венеролог мамандығын алғаннан кейін, 1980 жылы медицина училищесіне оқытушы болып оралды.
Иргебаева Кулян Ахметкалиевна 1973 жыл түлегі. Болашақта Отандық емдеу саласына біраз еңбек сіңірген.
Молдабекова Аралкен Есимбековна 1975 жыл түлегі, Сарқанд аудандық орталық ауруханасында жұмыс істеген.
Щенявская Галина Васильевна 1974 жыл түлегі, қалалық емхананың физиокабинетінің медбикесі болып жұмыс істеген.
Жексембековна Шайжамал Бекмурзаевна 1974 жыл түлегі. Медицина саласына адал қызметін аямайды.
Сонымен қатар сол жылдары ерекше есте қалған түлектер. Омарова Бақытгул Нұрқалыковна 1978 жыл түлегі. Гвардия аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімінің аға медбикесі.
Нұрсейтова Ботагөз Тлеуметова 1979 жыл түлегі. Кербұлақ аудандық орталық аурухананың медбикесі.
Оналбаева Ғалиябану 1980 жыл түлегі. Талай жылдар бойы медициналық училищенің педиятрия кабинетінің лаборанты.
Серғазина Сағадат Ғазизовна 1981 жыл түлегі. Лепсі станциясының көмек көрсету фельдшері.
Искалиева Ақерке Ахметқалиевна 1981 жыл түлегі. Талдықорған қалалық орталық ауруханасының бактериологиялық зертханасының лаборанты.
Толғанбаева Жанат 1982 жыл түлегі. Семей медициналық институтын бітіргеннен кейін, Талдықорған облыстық ауруханада жүйке ауруы дəрігері болып жұмыс істейді.
Осы жылдары оқу процессі ауылшаруашылық жұмыстарымен бірігіп атқарылған болатын. Медициналық оқу ордасы осы жылдары егістікке жиырма топқа дейін студенттер жіберілді. Олар Панфилов ауданының «Калинин» ауылына жүгері жинауға, бірнеше жыл Киров ауданының «Енбекші» ауылына Социалистік Еңбек Ері Тамшибаева Залиха Тамшибаевна басқаруындағы қант қызылшасын жинауға атсалысты.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҚЫНЫНДА
Тәуелсіздік жылдары да колледж тарихында елеулі оқиғалар мол болады. 1994 жыл оқу орда тарихындағы жаңа елеулі датаға айналады. Училище базасында Талдықорған медициналық колледжы құрылады. Колледжде фельдшер, мейірбике, дантист, фармацевт, гигиена көмекшісі, медициналық лаборант, мейірбике ісі мамандықтары даярланып, тек облыс көлемінде емес, кең байтақ еліміздің түкпір – түкпірінде медицинаның әр саласында жемісті еңбек етуде.
Колледждің жан – жақты дамып, биікке өрлеуіне ат салысып, тер төгіп жүрген облысымыздың құрметті азаматы – медицина ғылымының кандидаты Жансеңгіров Серік Максимұлы 1997 жылдан бастап аталмыш білім ордасын басқарып келеді. Жансеңгіров Серік Максимұлы – дәрігер, медицина ғылымының кандидаты Алматы облысының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі», Алматы облысының дәрігер – педагогы, Денсаулық сақтау ісінің бірінші дәрежелі дәрігер – ұйымдастырушысы, Талдықорған қалалық маслихатының бірнеше шақырылым депутаты, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі мен «Сапа көшбасшы-2015» және «Экономика көшбасшы-2015» медальдарының иегері.
Колледждегі білім беру үрдісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндеті білімнің стандартына сәйкес жүргізіледі. Бүгінгі таңда колледж ұжымы оқу-тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында оқытудың дуалдық жүйесін негізге ала отырып еңбек етуде. Заманауи талаптарға сай симуляциялық орталықтың ашылуы-үлкен жетістіктің бірі.
Бүгінгі күні Талдықорған медициналық колледжі тек Алматы облысы көлемінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының үздік білім беру ордаларының бірі. Колледж Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының алдынғы қатарлы медициналық білім беру ұйымдарымен байланыс орнатып болашаққа айқын мақсаттар қойып отыр.
Колледж Алматы облысында алғашқы болып 2016 жылдың сәуір айында арнайы мамандандырылған және институцияналды аккредиттеуден сәтті өтіп, барлық маманық бойынша сәйкестік деңгейін дәлелдеді.
2018 жылы Талдықорған медициналық колледжі «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» болып атауы өзгертілді.
Білім сапасы, жастардың тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыру – Талдықорған медицина колледжі жетістігінің басты құпиялары. Бұл колледж жұмылдырылған, әртүрлі тәжірибелік жұмыстар атқаруға қабілетті. Бұл - қызу шығармашылықты оқу орны, бұл - болашақ колледжі.