Директордың блогы
Біздің жетістіктер

Отчет о проделанной работе

5.9 Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары.

ШЖҚ «Талдықорған медицина колледжі» МКК-нің 2017-2018 оқу жылынның тәрбие жұмысы есебі

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2015-2020 жылдарға арналған Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, 2017-2018 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, бекітілді.

Колледждің тәрбие жұмысы бойынша өзекті мәселесі:

  • Колледждегі тәрбие жұмыстарын жаңа технологияларды пайдалана отырып, дамыту.

  • Дені сау, ұлттық сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, білімді, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін, білікті маман иесін  тәрбиелеуге жағдай жасау.

Мақсаты:

    Ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым,  танымдық және шығармашылық әрекетке білімді ортаны дайындау арқылы білімгерлердің  жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту, өзін-өзі танытуын ұйымдастыру.

Міндеттері:

•      Тәрбиелеу және дамытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру;

•      Құзіреттілікті қалыптастыру және дамыту;

•      Білімгердің жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.

•      ҚР Президентінің «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру.

•     Елбасының жолдауын жастарға насихаттау арқылы жүзеге асыру.

•      Жас мамандардың жұмысына жан-жақты әдістемелік көмек беру;

•      Қылмысты болдырмаудың алдын алу мақсатында топ  жетекшілері мен ата-аналарының жұмысын жетілдіру, топ жетекшілерінің кәсіби деңгейлеріне зерттеу жұмысын жүргізу,

•      Оқытушы  беделінің артуына жағдай жасау, озат тәрбиені кеңінен насихаттау, тарату;

•      Еліміздің тағдырын мықты қолда ұстай алатын болуы үшін дұрыс кәсіптік бағдар беру.

Күтілетін нәтижелері:

– білім алушы жастарда қазақстандық патриотизмды, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың деңгейі артады;

– жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметі артады;

– рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейеді;

– бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтереді;

– білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамиды;

– тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға саналы қарым-қатынасын қалыптастыруды; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейі қалыптасады;

– табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін-өзі жүзеге асыруды, отбасы институтының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етіледі;

 

 Биылғы оқу жылында 8 бағыт бойынша жұмыс жоспарланып тәрбие жұмысы жүзеге асырылуда .

Бірінші бағытҚазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты:Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; жастардың құқықтық сананы қалыптастыру, жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Қыркүйек-қазан айларында 2 курс білімгерлерімен колледж инспекторы Мырзакулов Дастан Маликжанұлымен «Құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында кездесулер өткізілді.

13 қыркүйек күні С.Аронұлы ескерткіші маңында "Жайнай бер, менің қалам, Талдықорған!" тақырыбында мәнерлеп оқу кешін №19 орта мектебімен бірлесе ұйымдастырыды.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 15-16 қыркүйек күндері Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы "Eco park tour" (эко парк тауы) демалыс орнында "Туған жерге туыңды тік!" атты жастар форумына Алматы облысынан 200 адам қатысты, соның ішінде колледжіміздің жастар ісі комитеті төрайымы Абылқас М.Т. Зертханалық диагностика 301 топ білімгері Бекешова Жанна өз үлесін қосты.

17 қараша күні студенттер күніне орай білімгерлер арасында Президент сайлауы өтті. Сайлау барысы таңғы сағ 800  ден кешкі сағ 1700 ге дейінгі аралықта дауыс берілді. Дауыс беруді колледж директоры Серік Максимұлы бастады, сонымен қатар барлық колледж  әкімшілігі мен оқытушылар және білімгерлер белсене ат салысты. Әлеуметтік желі арқылы және бюллетень арқылы дауыс берілді. Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті болып Емдеу ісі 203 Есімбеков Мадияр сайланды.

20 қараша күніТалдықорған медицина колледжінің "Өзін-өзі басқару ұйымының" Президенті Есімбеков Мадияр салтанатты түрде "Ант" қабылдады.

1 Желтоқсан Тұңғыш Елбасы күнініне орай, «Елбасы жолы» атты филімі 2 курс білімгерлерінеқараша айының 28-30 күндері аралығында көрсетілді. Ұйымдастырушылар тарих пәнінің оқытушылары Какенова Б.К., Кемельбаева Ғ.Т.

30 қараша күні «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін" мерекелеу күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның құрметті қонағы - "Нұр Отан"партиясы Талдықорған қалалық филиалының кеңесшісі Ғазиз Аманжолұлыжәне колледж оқытушылары мен білімгерлері қатысты. Ұйымдастырушылар: тәрбие бөлімі, тарих пәнінің оқытушысы Айнұр Бауыржанқызы, "Емдеу ісі" 203 топ білімгерлері.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2018 жылғы 10 қаңтар жарияланды. Биылғы Жолдау: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған. 11 қаңтар күніТалдықорған Медицина колледжі ұжымына тарих пәні оқытушылары Қаңғабыл І. Қадірбекұлы, Кемельбаева Ғ.Т., Кажияхметова А.Б., Қазақстан халқына арнайы мәлімдемесін жария еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдаудың негізгі тақырыбы туралы оқытушыларды ақпараттандырды.

24 ақпан 2018 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойыншы Департаменті бастамасымен Алматы облысының "Жастар ресурстық орталығының филиалы" КММ "Электронды үкімет порталын" халық арасында насихаттау жұмыстарына Мейіргер ісі 303 тобының студенттері өз үлестерін қосты.

Екінші бағыт -  Рухани – адамгершілік тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

  2-ші қыркүйек күні сағат 9.30-да Талдықорған медициналық колледжінде Білім күніне орай салтанатты жиын өткізілді.

22 қыркүйек күні Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласын жүзеге асыру мақсатында:  ең алғаш Талдықорған медицина колледжінің  іргетасын қалаушы, мейірбикелер курсын оқыту бастамасын ұсынған, м.ғ.к. Желваков Николай Васильевич құрметіне орай мемориалды тақта ашылу салтанаты орын алды.  ""Медицинаның ұлы тұлғалары"атты  ізденіс-зерттеу жұмысы конференциясына 2 курс білімгерлері белсене қатысты.

Талдықорған медицина колледжінің білімгерлері 17 қараша күні сағат 17:00 "Жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу" іс-шарасына белсене қатысқан болатын. Осы күні аспанға 300ге жуық "аспан шамдары" жіберілді.

Колледжіміздің белсенді білімгерлері 401 "Гигиена және эпидемиология" топ білімгері Амангелді Асхат, "Емдеу ісі" 203 топ білімгерлері Арыстанбек Жаннұр мен Қожахмет Айжан "Мейірімді жүрек" атты Талдықорған қаласы студенттерінің ұйымдастыруымен 22 желтоқсанда өткен қайырымдылық концертіне өз үлестерін қосты:. Колледж білімгерлері мен оқытушылары 66 дана қайырымдылық билет таратылды.

23 қараша күні «Адал ұрпақ» еріктілер ұйымы "Біз өмірді таңдаймыз!" тақырыбында суицидтің алдын алу мақсатында акция ұйымдастырды. Акцияға Алматы облысының жастар ресурстык орталығының бас маманы УйсембаевҚайрат қатысып, ой бөлісті. 

29 қараша күні Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мəдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент күніне орай С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында "Тəуелсіз ұлттың көшбасшысы" атты дөңгелек үстелге Емдеу ісі 201 топ білімгерлері қатысты.

25 желтоқсан күні Талдықорған медицина колледжі білімгерлері "Бәйтерек" күндіз болу орталығы" мекемесінде "Менің Қазақстаным - Менің болашағым" атты Тәуелсіздік күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Колледж ішінде "Қайырымдылық" акциясы ұйымдастырылып, орталықтың тәрбиеленушілеріне қажетті канцтауарлар алынды.

26 қараша күні 2 курс білімгерлеріне «Жаңа жылдық» мереке ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылар: Мейіргер ісі 305 топ, кураторы Кадирова Г.А.

Колледжіміздің белсенді білімгерлері колледж директоры С.М.Жансеңгіров бастамасымен 28 желтоқсан 2017 ж. "Аналар үйі" қоғамдыққорына "Жаңа жылдық" мерекелік концерт қойып, жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар таратты.

18 қаңтар күні колледждіңпсихолог мамандары Имангалиева М.Е, Жарылхасынова А.Қ, Нуржигитова А.Қ "Көңілді көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті" атты оқытушылар арасында психологиялық тренинг ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты: оқытушылар арасындағы қарым-қатынасты нығату, əрдайым көңіл-күйде жүруге баулу, оқытушылардың шығармашылық жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру. Психологиялық тренинг: шеңбер құрып жұптық сəлемдесуден басталды, екінші кезеңде "Оқытушы қандай?" деген сұраққа жауап берілді. "Елестету" стратегиясы арқылы алғашқы жəне қазіргі кезең аралығын бейнелеп суретке түсірді. Сергіту сəті орын алды. "Сынған телефон" жаттығуы арқылы сөз бұрмалану туралы ой қозғалды. Оқытушылар ойлау қабілетін тексеру сынағынан өтті. Тренинг соңында Жақсы сабақ дайындау рецепті айтылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

19 қаңтар күні колледж әдіскері Қаңғабыл І. "Білім берудегі инновация және тәжірибе - уақыт талабы" атты VIII педагогикалық оқылым ұйымдастырды. Педагогикалық оқылымға 6 оқытушы қатысты.  Әділ-қазы мүшелігі әр ЦӘК оқытушыларынан құралды. Әділ-қазы мүшелері: Мухамадиева Т.О., Ахмеджанова И.Т., Махатаева А.Ж., Уражанова Н.Ж., Калиева Г.О. Қатысушылар таңдалған реттік сандар бойынша әр 20 минуттық шебер сынып көрсетті. Әділ-қазы шешімі бойынша І орынды Кульчикова А.А, Алибекова А.М., ІІ орынды Курмашева Г.Ж., Тулегенов Д.Т., ІІІ орынды Метиева А.С., Филимонова А.А. иеленді. Педагогикалық оқылымда колледж түлегі Ерланұлы Меңжан ән орындады.

24 қаңтар күні Талдықорған медицина колледжінің "Адал ұрпақ" еріктілер ұйымы ауа-райының күрт суытуына байланысты колледж білімгерлері мен қызметкерлеріне "Күн суыса да көңілдеріңіз суымасын!" деген ұранмен тегін ыстық шай беру акциясын ұйымдастырды. Акция 25 қаңтар күні екінші ш.а. және «Фиалка» аялдамасында қала тұрғындарына шай беру арқылы жалғасын тапты.

23 ақпан күні, сағат 19:00-де Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ АОФ ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу, бастамаларына серпін беру мақсатында "Сен де бір үлесіңді қос" атты акциясында "Авто еріктілер" жобасына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараны көруге Талдықорған медициналық колледжінің білімгерлері барып қайтты. Іс-шара барысында рухани байып, адамгершілік қасиеттері артты.

 20 наурыз күні қоғам арасында кең етек жайып жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдардан жастарды алшақ ұстау мақсатында Емдеу ісі 204 топ білімгерлерінің (топ кураторы А.Бексұлтанова) ұйымдастыруымен «Дін және жастар» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға "Алматы облысы дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дінтанушы маманы - Ерлан Жұманұлы қатысып, өз ойымен бөлісті. "Жат діни ағымдар" тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

 19 наурыз күні Талдықорған медицина колледжінің белсенді білімгерлері колледж директоры С.М.Жансеңгіров бастамасымен "Аналар үйі" қоғамдық қорына "22 наурыз күніне" арнайы мерекелік концерт қойып, колледж ұжымы қаржылай қаражат жинап, сыйлықтар таратты.

Үшінші бағыт - Ұлттық тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

11 қазан күніДостық Үйінде Талдықорған медицина колледжі мен Татарстан Республикасының Казан медицина колледжі арасында онлайн режимде халықаралық "Үш тілді білу - заман талабы" атты фестиваль №1 ЦӘК оқытушылары ұйымдастырылды.

16 қазан күніТалдықорған политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен "АЛТЫН ДАУЫС" əн байқауына Емдеу ісі 203 топ білімгерлері Қожахмет Айжан, Арыстанбек Жаннұр, Емдеу ісі 201 топ білімгері Омар Алмас белсене қатысып, Емдеу ісі 203 топ білімгері Арыстанбек Жаннұр финалға жолдама алды.

25қазан күні  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен облыстық "Ауылым - қазынам" форумына  колледжіміздің "Емдеу ісі" 201 топ білімгерлері өз үлестерін қосты.

Талдықорған медицина колледжінің мәжіліс залында 20 желтоқсан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында жатақханада тұратын қыз балалар арасында "Салт-дәстүрді жаңғыртқан Қазақ Аруы" атты қыздар байқауын жатақхана тәрбиешісі Гүлайым Абдиманапқызы ұйымдастырды. "Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ, "Алматы облысының жастар ресурстық орталығы" КММ директоры, "Жас Отан" ЖҚ АОФ төрағасы Жаксикельдинов Бахтияр Уалиханұлы, Жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нуртаев Даурен Нұртайұлы, психолог маман Садуова Алтын Еркенқызы әділ-қазы мүшелігінде болды. Сайыстың қорытынды нәтижесі бойынша І орынды  Мұхаметжан Ардақ иеленді.

22 желтоқсан күні колледж ұжымының балаларына арналған "Балалар шыршасын" 301 Фармация тобы, топ кураторы Жумадилова М.С. жоғары деңгейде ұйымдастырды.

18 сәуір Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жастардың туған өлке тарихын білуі, олардың бойында елге, жерге деген патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында, «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні» аясында Талдықорған медициналық колледжі білімгерлері С.Аронұлы ескерткішіне гүл шоғын қойды. 

Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

16 – қазан күні «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» атты ұранмен   Отбасылы 2,3,4 курс білімгерлері және топ кураторларының әкімшілікпен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Сырғалым» клубы мүшелігіне 3 білімгер қабылданды.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, "Жас отан" ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 18 қазан күні медицина колледжінің жатақханасында "Сырласу" қыздар клубымен кездесуі өтті.

 "Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ, "Алматы облысының жастар ресурстық орталығы" КММ, "Жас Отан" ЖҚ АОФ бастамасымен, Жастарға қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған медицина колледжінің "Емдеу ісі" 302 топ білімгерлері және "Еріктілер" ұйымы мүшелері қараша айының 25 күні тыл және еңбек ардагері Дишкова Мария Григорьевна апамызға көмек көрсетті. Үй ауласына сенбілік жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

 23 ақпан күні «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ филиалы - «Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығы», «Жас Отан» ЖҚ және Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Тұрғын секторларда өрттердің алдын алу, адам өлімі мен жарақат алуын болдырмау, табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және тұрғын секторларда өрт қауіпсіздігін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар (рейдтер) Еркін ауылдық округінде өткізілді. Бұл іс-шараға Талдықорған медициналық колледжінің "Адал ұрпақ" Еріктілер ұйымы; Талдықорған қаласының "Bumerang" Volueenter Club мүшелері, жастар ісі комитеті төрайымы М.Т.Абылқаспен бірлесе қатысты. Рейд барысында 10 топқа бөлініп Еркін ауылдық округінің тұрғындарына "Өрттің алдын алу бойынша" түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

17 наурыз күні Қоғамда орын алып жатқан үлкен мәселелердің бірі - ерте кездегі жүктілік және жасанды түсік жасату (аборт). "Емдеу ісі" 203 тобының ұйымдастыруымен (топ кураторы Назгира Зайнуллақызы) 2018 жылдың 16 наурыз күні сағат 11.00-де Талдықорған медициналық колледжінің мәжіліс залында "Әйел бақыты" бағдарламасы негізінде ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында топ студенті Бакшар Айдана өз шығармашылығынан өлең оқыды. Студенттер кейіпкерлер ретінде бағдарлама жүргізуші, психолог-дәрігер, көп балалы ана, бас кейіпкер ретінде рөл сомдады. Көрермендер кейіпкерлер өмірлерін талқыға салды. Сұрақ-жауап берілді.

Бесінші бағыт - Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

13 қазан күні Талдықорған медицина колледжі мен Талдықорған Сервис және технология колледжі бірлесе қалалық "Қызықты көңіл, студенттік өмір!" атты іс-шарасы ұйымдастырылды мақсаты: Білімгерлер бос уақыттарын тиімді пайдалануға, жастық шақтарын қызықты қызықты өткізуге, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. 2 курс білімгерлеріне «ШЕБЕР СЫНЫП» көрсетілді. Ұйымдастырушылар: тәрбие бөлімі және колледж психологы Имангалиева М.Е.

27 қазан күні Талдықорған медицина колледжінің тарихында елеулі "100 есімді" жандандыру   Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында "Шапағат" ("Милосердие") аллеясын отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылды.

"Адал ұрпақ" Еріктілер ұйымы "9 желтоқсан - халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу" күніне орай қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру мақсатында "Жемқорлыққа жол жоқ!"атты тақырыбында ашық есік күнін ұйымдастырды.–Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Асқар Жұмаханұлы; "Нұр Отан" партиясы Талдықорған қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы-филиал кеңесшісі Ғазиз Аманжолұлы қатысып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақ-жауап берілді. Іс-шара жалғасы колледж ішінде ғана емес, екінші шағын ауданы тұрғындарына жемқорлықтың алдын алу туралы үлестірмелі парақшаларды тарату арқылы жалғасын тапты.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының белсенділері қарашаның 17-і күні «Жастар Отанға» жобасы аясында барлық облыстарда ашылған Кеңес орталығы бойынша насихат жұмысына Талдықорған медицина колледжі білімгерлері де белсене қатысты.

Қаңтар айы бойы тәрбие бөлімі колледжі психологі М.Е.Имангалиевамен бірлесе  "Таза сессия" сауалнамасын жүргізді.

25 ақпан күні жатақхана тәрбиешісі Г.Орақбаева "Қыз қылығымен қымбатты!" тақырыбында қыздар арасында пікір-талас ұйымдастырды. Жақтаушы топ "Бәйшешектер" тобы құрамында: Мұхамеджан Ардақ, Аманбай Жібек, Көлбай Арай, Жансұлтанова Нұрасыл, даттаушы топ "Қызғалдақтар" тобы құрамында: Абдисамет Алима, Айтқожа Гүлім, Бекешқызы Жұлдыз, Бақыт Мадина, сарапшылар құрамында: Арыстанбай Айдана, Құрмантай Жансая болды. Пікір-талас барысында мына сұрақтарға жауаптар алынды: Қыз баланың киіну үлгісі қандай болуы керек? Қазіргі қоғамдағы қыздардың жүріс-тұрысы, зиянды әдеттерге құмар болуына кім кінәлі деп ойлайсыздар? Қазіргі қазақ қызы қандай болуы керек? Бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан жасанды түсік, яғни аборт мәселесіне деген ойларыңыз қандай? Тастанды балалардың көбеюіне не себеп деп ойлайсыздар? Қатысушы көрермендер тарапынан да өз ойларын қосты.

ақпан күні «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ филиалы - «Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығы», «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен «Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында Талдықорған медициналық колледжінің жатақханасы білімгерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нуртаев Дәурен Нуртайұлы Жастарға қызмет көрсету орталығының мақсаты мен міндеттері, жастардың бос уақытын ұйымдастыруда өткізілетін іс-шаралар, мемлекеттік бағдарламалар, "Таза сессия", жатақхана жағдайы туралы еркін форматта пікір алмасты. Білімгерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап алынды. Кездесу барысында тәрбие ісі меңгерушісі А.Манарбекқызы, тәрбиеші Г.Орақбаева, жастар ісі комитеті төрайымы М.Абылқас өз ойларын білдірді.

 29 наурыз күні Талдықорған қаласындағы Достық үйінде "Жұлдызы жарқыраған Жетісу" форумы ұйымдастырылды. Форум аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Жастардың "Жаңғыру жолы" қозғалысының ұйымдастыруымен "Таза саябақ - Таза қала" акциясы өткізілді. Бұл іс-шараға Талдықорған медициналық колледжінің "Емдеу ісі" 204 топ білімгерлері белсене қатысты.

Алтыншы бағыт - Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие.

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.

3 қазан күні Талдықорған медицина колледжінің жатақхана білімгерлерімен жатақхана тәрбиешілері Г.Орақбаева, Г.Сулейменова"Кел, танысайық!"іс-шарасын ұйымдастырды.

19 қазан күніколледждің жатақхана білімгерлері арасында "Күзгі балл" мерекелік іс-шарасынжатақхана тәрбиешісі Г.Орақбаева  ұйымдастырды. Барлық қатысушылар кештің "Ханзадасы мен ханшайымы" атанды.

30 қазан күні Талдықорған медицина колледжі жатақханасының "Өзін-өзі басқару" ұйымымен кездесу өтті. Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері есеп беріп, болашақта өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұйыдастырушылар: тәрбиеші Орақбаева Г.А., жастар ісі комитеті жөніндегі төрайым Абылқас М.Т.

1 қараша күні колледж ұжымы мен 2 курс білімгерлері «Алаштың Алиханы" тарихи драмасын тамашалады.

3 қараша күні "Адреналин" құрама КВН командасы Жастар арасында ЖАЙДАРМАН ойынын дамыту, талантты жастардың шабытын арттыру, өмірге деген позитивті көзқарасын ұлғайту, қаламыздың намысын қорғайтын команда құрып, республикалық деңгейге шығару мақсатында Талдықорған қаласының ашық чемпионаты жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындар арасында "Күзгі кубок" ойынына қатысқаны үшін "ДИПЛОММЕН" марапатталды.

7 қараша күні Талдықорған медицина колледжінің 1 курс білімгерлері арасында "Кел, танысайық!" білімгер қатарына қабылдау салтанатын тәрбие бөліміұйымдастырды.

28 қараша күні Талдықорған медицина колледжде «Шаш - адамның көркі» атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - жастардың бойына ұлттық сананы дəріптеу; ұқыптылыққа тәрбиелеу; жеке гигиена сақтауға үйрету. Ұйымдастырушылар: тәрбие бөлімі, 201 «Гигиена ж/е эпидемиология», топ кураторы К.А.Сулейменова.

4 қаңтар күні2016 жылғы 24 наурыздан бастап VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі БОПАЗОВ МАРАТ ДӘРІБЕКҰЛЫ және спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, Баркер кубогының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры СӘПИЕВ СЕРІК ЖҰМАНҒАЛИҰЛЫ қалалық "Нұр Отан" партиясының өкілдерімен Талдықорған медицина колледжінің әкімшілігімен, оқытушыларымен, білімгерлерімен кездесіп, сұхбаттасты. Оқу орны корпусын, жатақханасын, спорт залын, виртуальді клиникасын аралады. Болашақ медицина қызметкерлерінің оқу жағдайын, соның ішінде заманауи технологиялармен жабдықталғанын көріп қайтты.

7 наурыз күні  Талдықорған медицина колледжінің 301 Стоматология топ білімгерлері "Сыйынар ем Ана деген тəңірге" атты колледж оқытушыларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

20 наурыз күні Қала аумағын көгалдандыру, көркейту деңгейін көтеру және тиісті санитарлық жағдайын қолдау мақсатында Талдықорған медициналық колледжінің  Емдеу ісі 204 және Стоматология 301 топ білімгерлері 2018 жылдың 20 наурыз күні жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.

22 наурыз күні Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған «Әз – Наурыз» атты қалалық мерекелік іс – шараға медицина колледжінің білімгерлері белсенді қатысты.

  • наурыз күні Талдықорған политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен, жастарды қолдау және де қарым-қатынасты нығайту, білімгерлердің ізденімпаздығын арттыру және шығармашылықтарына қолдау көрсету мақсатында "Алтын дауыс" атты ән байқауына іріктеу турнирінен өтіп, жеңімпазды анықтау турнирінде "Емдеу ісі" 203 топ білімгері Арыстамбек Жаннұр "Алғыс хат" иеленді.

  • сәуір күні Талдықорған қаласының көрме кешенінде Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Талдықорған медициналық колледжі "Түлектерді жұмыспен қамту" жәрмеңкесін ұйымдастырды.

  • сәуір күні Алматы облысы Ішкі Саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінің 100 жылдық мерейтойына орай "ҒАСЫР-ҒҰМЫР" атты облыстық ақындар айтысына облыстың барлық аудандары мен қалаларынан жас жүйріктер қатысып, Талдықорған медициналық колледжінің "Мейіргер ісі" 201 топ білімгері Ниязхан Дәуітхан "Алғыс хатқа" ие болды.

Жетінші бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

  • 2 курс білімгерлерін колледж әкімшілігімен таныстырылып, топ жетекшілер ата-аналармен жиналыс өткізіп, колледждің ішкі тәртібімен таныстырылды.

12 қыркүйек күні 2 курс білімгерлер "Қала күні" аясында"Tanaris Production" (Танарыс продэкшн) кинокомпаниясының "Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы" атты деректі фильмін тамашалады.

19 қазан күні 2017-2018 оқу жылында  Емдеу ісі 301топ  білімгері Мұхамедқали Әділмырза "Жас Отан" ЖҚ төрағасы болып сайланды, белсенді 2-4 курс білімгерлері "Жас Отан" ЖҚ мүшесі ретінде қабылданды.

30 қазан күні "Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ, "Алматы облысының жастар ресурстық орталығы" КММ, "Жас Отан" ЖҚ АОФ ұйымдастыруымен жастарға Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, бос уақыттарын тиімді өткізу және белсенді жастардың жобаларының іске асырылуына қолдау көрсетіп, бағыт бағдар көрсету мақсатында кездесу өткізілді.

18 желтоқсан күніҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай колледжімізде «МЕДТВ» телеарнасының алғашқы түсірілімі көрсетілді.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 15-26 желтоқсан аралығындаөткізілген дауыс беру нәтижесінде Талдықорған медициналық колледж – «Ең үздік колледж» номинациясына ие болды.

19 ақпан күні Алматы облысының білім басқармасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің білім алушылары арасында "Менің болашақ мамандығым" тақырыбындағы шығармалардың облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу Ережесі негізінде Талдықорған медициналық колледжінің білім алушылары арасында шығарма байқауын №1 ЦӘК оқытушылары тәрбие бөлімімен бірлесе ұйымдастырды. 20 ақпан күні сарапшылар шығармаларды тексерді. Сарапшылар құрамында тәрбие ісі меңгерушісі А.Манарбекқызы, қазақ тілі пәні оқытушылары А.Т. Ибрагимова, Ж.К. Балапьянова, жастар ісі комитеті төрайымы М.Т.Абылқас болды. Шығарма жазудың облыстық байқауының 2 кезеңіне: Тулесова Диана "Гигиена және эпидемиология" 201, Қасым Нұрбек "Мейіргер ісі" 203, Иманбетова Әсел "Емдеу ісі" 204 топ білімгерлерінің жұмыстары өтті.

20 ақпан күні «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ филиалы - «Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығы», «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау мақсатында қаламыздың белсенді жастарымен кездесу өткізілді. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - тұтас бір дәуірдің тарихын қамтыған құнды шығарма. Егемендік алған жас мемлекеттің әрбір қадамы, әрбір шешімі, жетістігі мен жеңісі кітапта түгел қамтылған. Тіпті, әр жылдардағы статистикалық есептер, стратегиялық жоспарлар туралы жан-жақты мағлұмат бар. Бір сөзбен айтқанда, жаңа дәуірдегі бір ұлттың тарихы жазылған салмақты еңбек. Кездесуде Алматы облысының жастар ресурстық орталығының директоры Б.Ж Уалиханұлы төрағалық етіп, кітап туралы толық мәліметті С.Сейфулин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының меңгерушісі Е.Ғ Самигулқызы түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

13 сәуір күні Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған "Profiland" квест-ойынына Талдықорған медициналық колледжі білімгерлері белсене қатысты.

17 мамыр күні Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған медициналық колледжінің мәжіліс залында "ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР" атты семинар-кеңес жүргізілді. Семинар-кеңес модераторы Айдар Қарбозұлы Башбаев, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы. Баяндамашылар А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері: З.Базарбаева - Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі "Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің орфографиялық және орфоэпиялық мәселелері", Д.Пашан - аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты "Латын әліпбиі - заман талабы", Ж.Жұмабаева,жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты "Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі жазу реформасының проблемалары" баяндамасымен таныстырды. Колледж оқытушылары мен білімгерлері пікір, ұсыныстар білдірді.

Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір

Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

9- қыркүйекте бағдарламалық мақаласындағы мндеттерді жүзеге асыру мақсатында "Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!" ұранымен өткен "Денсаулық" фестиваліне қатысып, волейболдан үздік нәтиже көрсеткені үшін "Медициналық колледжі" Волейбол командасы ДИПЛОММЕН марапатталды. Белсенді қатысқан топ Мейіргер ісі 305 тобы, топ жетекшісі:  Кадирова Г.А.

29 қыркүйек күні«Жат ағым, жат қылықтан» діни экстремизмге қарсы облыстық жастар марафонына Емдеу ісі307, Емдеу ісі 403, Мейіргер ісі 202, Емдеу ісі 303 білімгерлері қатысты.

Талдықорған медициналық колледжінің "HeartBeat" би командасы "TK STREET (талдыкорган стрит данс батл) DANCE BATTLE" атты заманауи би байқауының 13 –қазан күні тіріктеу кезеңінен өтіп 27 қазан күні Финалға жолдама алып, 10 қараша – ақтық жарысқа қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Талдықорған қаласы оқу орындары арасындағы дене тәрбиесі- сауықтыру және спорттық жұмыстарын бағалаудың рейтингтік жүйесі бойынша Спортакиадада ІІ ОРЫН алғаны үшін ТАЛДЫҚОРҒАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ марапатталды.

26 қазан күні салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жатақхана білімгерлері арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты спорттық сайысын жатақхана тәрбиешілері Г.Орақбаева, Г.Сулейменова ұйымдастырды: 2 команда "Спартак" пен " "Алғыс хат" иеленіп, ІІІ орынмен "Қыран" командасы, ІІ орынмен "Болашақ" командасы, І орынмен "Тұлпар" командасы "Кубокпен" марапатталды.

26 қазан күні “Талдықоған психологиялық денсаулық орталығы” мамандары психолог Ауелбай Меруерт Ондасыновна пен Болатаева Маржан Манаровна “Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу” туралы 2 курс білімгерлеріне лекция оқыды. 

29 қараша күні«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ филиалы - «Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығы», «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен Талдықорған Агротехникалық колледжінің базасында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған қалалық Баскетбол турниріне 10 команда қатысып, II - орынды Медициналық колледж иеленді.

30 қараша күні Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен жастарға СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін жəне одан сақтану жолдарын түсіндіру мақсатында дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес айлығы аясында "Ғасыр дерті" іс-шарасына Талдықорған медицина колледжінің білімгерлері белсене қатысты.

4 желтоқсан күні Мейіргер ісі 302 топ білімгерлері кураторы Уразбаева Г.Т. «Спидке жол жоқ!» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.

6 желтоқсан күні Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқу орындары білімгерлері арасында өткізілген "Теннис" және "Тоғызқұмалақ" ойынынан жүлделі І орын, "Баскетбол" ойынынан жүлделі ІІ орын иеленді. 

15 желтоқсан күніҚР Тәуелсіздік күніне орай медицина саласы қызметкерлері арасында ұйымдастырылған қалалық Воллейбол турнирінен Талдықорған медицина колледжі жүлделі 3 орын иеленді

16 қаңтар күні дене шынықтыру пәні оқытушылары Е.Юсупова, А.Гуламов   Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт мінтетін жүзеге асыру аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында колледжішілік оқытушылар мен қызметкерлер арасында "Спорт - денсаулық кепілі" атты эстафеталық спорт жарысынұйымдастырды.

18 қаңтар күні  Талдықорған медицина колледжі командасы колледждер арасында өткен спорттық жарыс түрлерінен - Шахматтан 1 орын, үстел теннисінен 2 орын иеленді.

28 ақпан Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, облыста 2018 жылдың 28 ақпаны-28 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орай туберкулездің алдын алу айлығы өткізілуде. Талдықорған қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе колледж білімгерлері 3 наурыз күні қала тұрғындарының арасында үлкен көлемде "Туберклездің алдын алу" акциясын өткізді. Акцияға қатысушылар "Адал ұрпақ" еріктілер ұйымы мүшелері мен "Үкілім" би-ансамблі белсенді қатысты.

  • ақпан күні Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ АОФ, "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарына 13 жыл толуына орай, жастар арасында волейбол спорт жарысынан, Талдықорған қаласы оқу орындары арасында Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру және 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай қыздар арасында ұйымдастырылған волейбол жарысынан жүлделі ІІ орын иеленді.

  • наурыз күні Талдықорған медицина колледжінің спорт залында – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт мінтетін жүзеге асыру аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 3 курс "Емдеу ісі" мамандығы білімгерлері арасында "Белсенді өмір жүз жастық ғұмыр!" атты денсаулық фестивалі өтті. Команда құрамы Емдеу ісі 301, Емдеу ісі 302, Емдеу ісі 303, Емдеу ісі304, студенттерінен құралды. Әділ-қазы алқалығында: дене шынықтыру пәні оқытушылары Гуламов А.М., Юсупова Е.В., колледж президенті Есімбеков М., "Адал ұрпақ" еріктілер ұйымы төрайымы Нурмухамбетова А. болды. Жарыс "Емдеу ісі" бөлімі меңгерушісі Тлеуберлина Ғ.Ө сөзімен ашылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Жүлделі орындар: І орын Емдеу ісі 301, ІІ орын Емдеу ісі 303, ІІІ орын Емдеу ісі 302, Емдеу ісі 304 иеленді. 

16 наурыз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорған қаласы оқу орындары арасында ұлдар арасында 15-16 наурыз аралығында ұйымдастырылған баскетбол жарысынан ІІ орын алғаны үшін Талдықорған медициналық колледжі марапатталды.

  • сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында "Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакциналар әрекет етуде!" ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.

  • сәуір  Талдықорған медициналық колледжі ұжымы мен білімгерлері де апталықтың ашылу салтанатына өз үлестерін қосты.

23  мамыр  СӨС орталығы мен  бірлесе Талдықорған медицина колледжінің  «Емдеу  ісі» 303, «Мейіргер ісі» 303 топ  білімгерлері дүние жүзілік  «артериялық гипертония» мен күресу күніне орай,  2 шағын аудан (жиһаз аялдамасында),  қоғамдық көліктер ішінде тұрғындардың  қан қысымын өлшеп, тегін кеңес берді.

Қортындылай келе Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру мақсатында Талдықорған медициналық колледжіндекөрсетілгеніс- шаралар өтті.

 

 

Тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі:                                     Манарбекқызы Арай

По всем интересующим Вас вопросам обращайтесь по телефонам:

Также Вы можете задать вопрос, воспользовавшись формой обратной связи:

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Адрес:
040009, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі,