Талдықорған жоғары медицина колледжінің қамқоршылық кеңесінде
атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
2017-2018 оқу жылының қыркүйек айында Талдықорған медицина колледжінің қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес, ұйымдастыру отырысы, шараларды өткізуге көмек көрсету, колледждің материалдық техникалық базасын күшейту сұрақтары, жасалған жұмыстар бойынша отырыстар жүргізілді.
2017-2018 оқу жылында Қамқоршылық кеңестің №4 отырысы жоспарланып, 2 отырысы ұйымдастырылды.
2017-2018 оқу жылының ұйымдастыру отырысында қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілді, оның ережелерімен таныстырылды, қамқоршылық кеңесінің жоспары қарастырылып бекітуге ұсынылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне міндеттер бөлінді, колледждің материалдық-техникалық базаны күшейту мәселелерін шешу үшін колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырылды.
Қамқоршылық кеңес мүшелрі ретінде 7 адам бекітілді: Өскенбаева М. – төрайым, ата-ана, Андасбаева М. – ЖШС «Андаспаев», Коскенова Г. – ЖҚ «Айда», Кокимбекова А.Д. мүшесі, ата-ана, Найзабекова К. – мүшесі, ата-ана, Қожахметов Ж. – мүшесі, ата-ана, Абылқас М.Т. – хатшы.
2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес мынадай шаралар өткізілді: қазан айында Астана қаласы әкімдігінің Жастар театрының қойылымына 50 білімгер (оның ішінде жетім, аз қамтылған, белсенді студенттер), қараша айында Б.Римова атындағы драма театрінде өткізілген «Алаштың Алиханы» атты спектакльге колледждің барлық 2 курс білімгерлері (оның ішінде аз қамтылған жетім студенттер де бар) тегін барды (барлығы 300 студент).
5 қазан күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Асыл қариялар» атты мерекелік іс-шара өтті. Денсаулық сақтау саласына үлестерін қосқан, еңбек ардагерлері қонаққа шақырылып, сыйлықтар берілді.
2 курс білімгерлеріне 28-30 қараша аралығында Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны туралы «Балалық шағымның аспаны» атты фильмін 2 бөлімін тегін тамашалады (120 студент). Қараша-желтоқсан айларында студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Қарттарды құрметтейік!» қайырымдылық акциясын өткізді. Колледж студенттері және қызметкерлері тыл және еңбек ардагері Дишкова Мария Григорьевна апамызға көмек көрсетті. Үй ауласына сенбілік жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, азық-түлік ретінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Желтоқсан айында «Мейірімді жүрек» атты Талдықорған қаласы студенттерінің ұйымдастыруымен 22 желтоқсанда өткен қайырымдылық концертіне колледж оқытушыларына 66 дана қайырымдылық билет таратылды.
25 желтоқсанда «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» мекемесінде (мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мекемесі) «Менің Қазақстаным - Менің болашағым» атты Тәуелсіздік күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Колледж ішінде «Қайырымдылық» акциясы ұйымдастырылып, орталықтың тәрбиеленушілеріне қажетті канцтауарлар алынды.
Талдықорған медицина колледжінің белсенді білімгерлері колледж директоры С.М.Жансеңгіров бастамасымен 28 желтоқсан 2017 ж. «Аналар үйі» қоғамдық қорына "Жаңа жылдық" мерекелік концерт қойып, жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар таратты.
Тәрбие ісі меңгерушісі: Манарбекқызы А.