Директордың блогы
Біздің жетістіктер

Правила приема

«Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорынға

2019-2020 оқу жылына оқуға қабылдаудың Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорын оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын асыратын «Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорын (бұдан әрі – ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК) оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.

      3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.

) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз.

      4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК белгілейді.

 

2-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

 

      5. ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –на тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу мерзімінде және білім алушылар құрамына қабылдау үшін ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурстық комиссияның құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

      6. ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –нің қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.

      7. ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      8. ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –на  оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

      1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында.

      9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, Ф-63 профилактикалық егулері жүргізілген картасын,  Вирустық  гепатит  «В», «С»маркерінің қан талдауын, мекен-жай анықтамасын, бала денсаулығының паспорты (18 жасқа толмағандарға),  3x4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.

     Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

      Қабылдау квотасы қарастырылған ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –на оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.

      10. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –нің тіркеу журналдарына мамандықтар бойынша тіркеледі.

      11. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау таңдалған мамандығы бойынша оқыту үшін қарсы көрсетілімдерінің болмауы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып, заңды өкілдердің біреуінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      12. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:

      1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

      2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

      3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

      Конкурс ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –да өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

      Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –ның басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –ның интернет ресурстарында орналастырады.

      13. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары: бюджет негізінде  күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 10 тамызы аралығында, келісім шарт негізінде күнтізбелік жылдың 10 тамызы мен 21 тамыз аралығында  өткізіледі.

      Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

      2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: "3" – 8 балға, "4" – 17 балға, "5" – 25 балға алмастырады.

     14. ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –на түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

     15. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

     16. Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес айқындалады.

     17. Емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оны оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей жеткізіледі.

     18. Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.

     19. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

    20. Eмтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.

    21. Емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.

    22. Емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –на  ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.

    23. ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –ның бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

      Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

    24. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

      Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

     25. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

     26. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

     27. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –ның бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

      28. ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –на қабылдау мамандықтар; оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

      29. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, ақпараттық стенділерге немесе ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК –ның интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын игеруді қалайтын оқуға түсушіге алдын-ала оқытуға қойылатын талаптар       

Мамандықтар

 

Оқу мерзімі

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша жоғарғы колледжге түсетін талапкер үшін қажетті білім деңгейі

0302000 «Мейіргер ісі»

біліктілігі «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалвры»

3 жыл, 6 ай.

(бюджет негізінде)

Жалпы орта білім

0302000 «Мейіргер ісі»

біліктілігі «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалвры»

1 жыл 6 ай. (келісім шарт негізінде)

Техникалық және кәсіптік білімі «Мейірбике ісі» және «Емдеу ісі» мамандығы. Еңбек өтілі 3 жыл

По всем интересующим Вас вопросам обращайтесь по телефонам:

Также Вы можете задать вопрос, воспользовавшись формой обратной связи:

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Адрес:
040009, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі,