Директордың блогы
Біздің жетістіктер

Профсоюзный комитет

Кәсіподақ комитеті

        Мемлекет басшысының  қолдауы мен тапсырмасы бойынша  кәсіподақтардың рөлін күшейтуге, қол жеткізуге,  қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және қызметкерлердің мүдделерін қорғауы мен  құқықтарына бағытталған  жаңа «Кәсіптік одақтар  туралы»  Заңы 2014 жылы әзірленіп, қабылданды.

         Талдықорған жоғары медициналық колледжінің алғашқы кәсіподақ ұйымы 2016 жылдан бастап, «Алматы ұйымы  Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы» ҚҰ-ның  құрамында жұмыс істейді.

       Кәсіподақ комитетінің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші  «Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ, ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК директоры С. М.Жансеңгіровтің атынан   және  ШЖҚ  «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК қызметкерлерінің арасында ұжымдық келісім шарт жасалды.

      Ұжымдық келісім шарт Қазақстан Республикасының Конституциясы,  Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі,  Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы»  салалық Келісіміне сәйкес    әзірленді.

     Кәсіподақ комитетінің мақсаты: кәсіподақ мүшелерінің жеке және ұжымдық, әлеуметтік, еңбек, кәсіби құқықтары мен мүдделерін қорғау  және өкілдік ету  болып табылады.

          Кәсіподақ қызметінің маңызды бағыты:

        - Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу, жұмыс берушімен оны жасау, өзгерту, толықтыру бойынша келіссөздер жүргізу және оның орындалуын бақылау;

    - еңбек ақы төлеу жүйесін, тарифтік ставкалардың (жалақы) мөлшерін, материалдық көмек түрін , еңбек нормаларын, ұйымда жұмыс және  демалыс режимінің кестесін белгілеуге қатысу;

      - жұмыс берушілердің еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен келісімдерді сақтауын тұрақты бақылау мақсатында қорғау функцияларын жүзеге асыру, қызметкерлердің еңбек жағдайларын, денсаулығы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу, осы мақсаттарға арналған қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

     - кәсіподақ мүшелеріне тегін заң тұрғысынан көмек көрсету;

     -мәдени-бұқаралық, ағарту, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, қызметкерлер мен олардың отбасыларының демалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу.    

      Қызметкерлердің еңбек мүдделерін қорғау мақсатында, біздің ұйымда кәсіподақ комитетінің барлық маңызды бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын комиссия құрылды.

      Колледж қызметкерлерін қолдау:

    - қызметкерлердің, кәсіподақ мүшелерінің жеке өтініш негізінде  аз қамтылған және көп балалы қызметкерлерге материалдық көмек көрсету;

-мерейтой иелерін құттықтауды ұйымдастыру;

-  кәсіби мерекелер мен іс-шараларды өткізуге  материалдық көмек көрсету;

- отбасы мүшелері немесе жақын туыстары қайтыс болған жағдайда көмек көрсету;

- кәсіподақ мүшелерінің балаларына ертеңгілік  пен  жаңа жылдық сыйлықтарды ұйымдастыру;

- ҚР шипажайлық-курорттық жолдамаларын ішінара төлеу;

- құрметті демалысқа шыққан ардагерлер мен еңбеккерлерге мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және  көмек көрсету;

Кәсіподақ комитеті дәстүрлі түрде колледж қызметкерлері арасында өткізілетін спорттық , шығармашылық жарыстар мен конкурстарды ұйымдастырып, қызметкерлерге шабыт беріп отырады.

Талдықорған жоғары медициналық колледжінің кәсіподақ ұйымы өз мүшелеріне көмек көрсетуге әрқашанда дайын!


 

 

По всем интересующим Вас вопросам обращайтесь по телефонам:

Также Вы можете задать вопрос, воспользовавшись формой обратной связи:

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Адрес:
040009, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі,