Ата-аналар комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер.
1. Ата-аналар комитеті колледжді басқарудың алқалы органы болып табылады және колледж жарғысына сәйкес әрекет етеді.
2. Ата-аналар комитеті қоғамдық басқару органы болып табылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес колледж әкімшілігімен, колледж кеңесімен, педкеңеспен және басқа қоғамдық басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
3. Ата-аналар комитеті педагогикалық ұжымға білім беру үдерісін, білім алушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруда және білім алушыларды әлеуметтік қорғауда көмек көрсету үшін құрылады.
4. Ата-аналар комитеттері сыныпты қоғамдық өзіндік басқару органы ретінде әр сыныпта да құрылады.
2. Негізгі міндеттері.
2.1. Ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері мыналар: білім беру үдерісін жетілдіру, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тұлғаның еркін даму жағдайын жетілдіру; білім алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау; жалпы колледждік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; білім беру үдерісін жетілдіру, оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша колледждің басқарма органдарымен, әкімшілікпен ынтымақтастық; колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қатысу.
3. Қалыптастыру тәртібі мен құрамы.
3.1. Колледждің ата-аналар комитеті топтың ата-аналар комитеті төрағаларының қатарынан сайланады.
3.2. Топтың ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі. Топтың ата-аналар комитетінің сандық және дербес құрамы топтың ата-аналар жиналысында анықталады.
3.3. Колледждің ата-аналар комитетінің құрамы жалпы колледжтік ата-аналар жиналысында ағымдағы жылдың 20 қазанынан кешіктірмей топтың ата-аналар комитеті төрағаларының қатарынан сайланады.
3.4. Колледждің ата-аналар комитетінің құрамына міндетті түрде шешуші дауыс құқығымен колледж әкімшілігінің өкілдері кіруі тиіс.
3.5. Колледждің ата-аналар комитетінің құрамына кеңесу дауысы құқығымен немесе мұндай құқықсыз қоғамдық ұйым өкілдері, педагог қызметкерлер және т. б. кіре алады. Оларды шақырту қажеттілігі мәжілістің күн тәртібіне қарай ата-аналар комитетінің төрағасымен айқындалады.
3.6. Колледж пен топтың ата-аналар комитеті мүшелерінің құрамынан комитеттің төрағасын сайлайды. Ата-аналар комитеті қоғамдық бастамалармен жұмыс істейді және ата-аналар комитетінің бүкіл құжаттамасын жүргізеді.
3.7. Колледж пен топтың ата-аналар комитеті бір жылдық мерзімге сайланады.
4. Өкілеттіктері. Құқықтары. Жауапкершілігі.
4.1. Колледждің ата-аналар комитеті колледждің жарғысына сәйкес келесі өкілеттіктерге ие: білім беру үдерісін ұйымдастырудың оңтайлы жағдайын қамтамасыз етуге ықпал етеді (оқулықтарды сатып алуға, көрнекі әдістемелік оқу құралдарын дайындауға қатысты көмектеседі); топтың ата-аналар комитетінің қызметін үйлестіреді; білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) арасында олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді; жалпы колледжді іс-шаралар өткізуге ықпал етеді; білім беру ұйымын жаңа оқу жылына дайындауға қатысады; білім беру ұйымының әкімшілігімен бірге білім алушылардың тамақтану, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылайды; жалпы колледжді ата-аналар жиналысын өткізуде білім беру ұйымының әкімшілігіне көмек көрсетеді; білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша өз атына түскен жүгінімдерді, сондай-ақ осы ережемен ата-аналар комитетінің өкілеттігіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінімдерді қарастырады; білім беру ұйымының ата-аналар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті актілерін талқылайды; білім беру үдерісін ұйымдастырудың қауіпсіз жағдайын ұйымдастыруға, санитариялық-гигиеналық қағидалар мен нормаларды сақтауға қатысады; колледжді салт-дәстүрді, колледждің өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен; кәмелетке толмаған білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың, бақылаусыздық пен қорғансыздықтың алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен; ата-аналар комитетінің өкілеттігіне жататын басқа мәселелер де бойынша жалпы колледжішілік іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша білім беру ұйымының өзіндік басқарма органдарымен өзара әрекеттестікте болады.
4.2. Егер өкілетті тұлғалар немесе органдар ата-аналар комитетінің өкілеттігінің шегінен тыс өкілеттіктерін оларға берсе, колледждің ата-аналар комитеті білім беру ұйымының күнделікті өміріне қатысты өзге де мәселелерді қарастыра алады.
4.3. Ата-аналар комитеті осы ережемен бекітілген құзыреттеріне сәйкес құқылы білім беру ұйымының әкімшілігіне, өзіндік басқарма органдарына ұсыныс жасауға және оларды қарастыру нәтижелері жөнінде ақпарат алуға; түсініктеме алу үшін мекемелер мен ұйымдарға жүгінуге; білім беру ұйымының әкімшілігінен, оның өзіндік басқарма органдарынан ақпарат алуға және тыңдауға; өз мәжілісіне топтың ата-аналар комитетінің ұсынымы бойынша білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) шақыртуға; білім беру ұйымының жергілікті актілерін талқылауға қатысуға; қарастырылатын жүгінімдер бойынша түсіндірмелер беріп, шаралар қолдануға; отбасында балаларды тәрбиелеуден жалтаратын ата-аналарға қоғамдық айыптау шығаруға; білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) белсенді жұмысы үшін, жалпы колледжішілік іс-шаралар өткізуге көмек көрсеткені үшін және т. б. марапаттауға; өз қызметтерін орындау үшін тұрақты немесе уақытша комиссия ұйымдастыруға. Білім беру үдерісінің мүшелерін материалдық қолдауға қор жасауға; ата-аналар комитетінің төрағасы өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша педагогикалық кеңестің, өзге өзіндік басқарма органдарының жекелеген мәжілістеріне қатыса алады; колледждің бюджеттен тыс қаражатының, ерікті ата-аналар қаражатының есебінен көмекке мұқтаж оқушылардың отбасыларына материалдық көмек мөлшерін бекітуге.
4.4. Ата-аналар комитеті мыналар үшін жауап береді жұмыс жоспарын орындауға; шешімдерді, ұсынымдарды орындауға; отбасылық және қоғамдық тәрбие мәселелерінде білім беру ұйымының басшылығы мен білім алушыларжың ата-аналары арасында өзара түсіністік орнатуға; қолданыстағы заңнамаға сәйкес сапалы шешім қабылдауға; жекелеген мүшелерінің немесе бүкіл комитеттің әрекетсіздігіне; оның жұмысына қатыспайтын ата-аналар комитетінің мүшелері төрағаның ұсынымы бойынша сайлаушылармен қайта шақыртылуы мүмкін.
5. Жұмыс тәртібі.
5.1. Ата-аналар комитеті жұмыс жоспарына сәйкес мәжіліске тоқсанына кем дегенде бір рет жиналады. Ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары колледждің жұмыс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады.
5.2. Егер мәжіліске ата-аналар комитетінің сандық құрамының 2/3 бөлігі қатысса, ол заңды деп саналады.
5.3. Ата-аналар комитетінің шешімдері жай ғана көп дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда ата-аналар комитеті төрағасының дауысы шешуші дауыс болады. 5.4. Қағида бойынша, ата-аналар комитетінің мәжілісін колледждің ата-аналар комитетінің төрағасы жүргізеді. Бүкіл құжаттамаға да ол жауап береді және жұмыс біткенде оны мұрағатқа өткізеді.
5.5. Білім алушыларға қатысты мәселелерді қарастырғанда ата-аналар комитетітінің мәжілісіне білім алушының ата-аналары (заңды өкілдері) міндетті түрде қатысуға тиіс.
5.6. Колледждің ата-аналар комитетінің өкілеттіктерінің шегінде және заңнамаға сәйкес қабылданған шешімдері ұсынымдық сипатқа ие және колледж әкімшілігіне хабарланады.
5.7. Колледж әкімшілігі бір айлық мерзім ішінде ата-аналар комитетінің шешімін қарастырып, сәйкес шешім қабылдауы және оны ата-аналар комитетіне хабарлауға тиіс.
6. Құжаттама.
6.1. Ата-аналар комитетінің мәжілістері хаттамамен ресімделеді. Хаттамада мәселелерді, ата-аналар комитеті мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулерін талқылау барысы тіркеледі. Хаттамаларға ата-аналар комитетінің төрағасы қол қояды.
6.2. Колледждің ата-аналар комитетінің құжаттамасы үнемі білім беру ұйымының істерінде сақталады және акт бойынша тапсырылады. Бекітілген тәртіпке сәйкес ата-аналар комитетінің құжаттамасы мұрағатқа өткізіледі.