Аймақтық симуляциялық орталық
Қазіргі таңдағы медицина саласындағы білім беру стандарттарына толық сәйкес болу үшін ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің 03.06.2014 жылғы № 300 «Аймақтық симуляциялық орталықтар ашу» бұйрығының негізінде 2014 жылы қыркүйек айында ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледж базасында» аймақтық симуляциялық орталық ашылды. Жалпы алаңы - 500, кв.м.
Аймақтық симуляциялық орталық колледждің құрылымдық бөлімшесі және денсаулық сақтау саласындағы үздіксіз кәсіби білім беру аясында оқытуды заманауи ұйымдастыру түрлері мен әдістерін іске асыратын оқу орталығы болып табылады.
Аймақтық симуляциялық орталық ашылып, симуляциялық технологиялардың көмегімен тәжірибелік оқытуды, тестілеуді, аттестаттауды және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби дайындықтарын бағалауды жүргізуге мүмкіндік пайда болды.
Симуляциялық орталық базасында облыстың медициналық қызмеркерлері диагностикалық және емдік процедуралардың дағдыларын, операциялық процедуралар стандарттарына сәйкес науқастарға күтім көрсету бойынша дағдыларды өңдейді.
Симуляциялық оқу орталығының құрылымы, оған жүктелетін міндеттер, мақсаттар, колледждің негізгі алға қойған мүдделерін ескере отырып құрылады
Симуляция дегеніміз–білім алушыларды қате жіберуге болатын қауіпсіз ортада сирек және қауіпті жағдайлармен таныстыру әдісі болып табылады.Мұндай әдістемелерді білім беру үрдісінде қолдану — білім алушыға нақты клиникалық жағдаймен қауіпсіз ортада танысуына мүмкіндік береді, өзінің қандай мәселелерге назар аудару керектігін, күрделі шиеленісті жағдайлардан шығу жолдарын, топта жұмыс істей білу қабілеттілігін шыңдайды.
Орталықтың негізгі мақсаты — келешектегі медицина саласындағы кәсіп мамандарының тәжірибелік дағдыларды игеруі мен жетілдіруін методологиялық, материалды — техникалық қолдау болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеті- тыңдаушылардың тез шешім қабылдау қасиетін дамыту және шұғыл жағдайларда бірнеше манипуляцияларды қатесіз орындауды үйрету.
Әртүрлі медициналық бағыттағы дағдылар мен шеберлікке оқыту- науқасқа ешқандай қауіп төндірмейді. Муляждар, фантомдар және виртуалды тренажерлар бойынша оқыту тиімді және қауіпсіз болып табылады.
Орталық жергілікті компьютерлік желімен және оқу мониторингі жүйесімен жабдықталған, оның арқасында оқу үрдісі мен тәжірибелік дағдыларды шыңдау барысы түгелімен оқу кабинеттерінде орнатылған бейнекамераларға жазылып, симуляциялық жаттығуларды орындау барысында тыңдаушылардың игерген тәжірибесі талдауға түсетін дебрифинг залында көрсетіледі.
Оқытуды арнайы дайындықтан өткен жаттықтырушы-нұсқаушылар жүргізеді.
Симуляциялық орталық құрылымында:
-
Акушерлік - нәрестелік блок;
-
Жалпыблок;
-
Госпитальге дейін көмек көрсету блогы;
-
Терапевтік блок;
-
Хирургиялық блок;
-
Педиатрлық блок;
-
Егу кабинеті;
-
Дәріс залы
-
Дебрифинг залы.
-
ИВБДВ ресурстық орталығы
-
Компьютерлік класс
Оқыту барысында келесі симуляциялық жабдықтар қолданылады: науқастарға күтім көрсету манекені, босанатын әйел мен жаңа туған баланың имитациясымен манекендер, «Госпитальға дейінгі» компьютерлік робот-симулятор, тыныс жолдарын интубациялауға арналған тренажер, орталық тамырларды катетерлеуге үйретуге арналған тренажер, трахеотомияға арналған тренажер, жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуге арналған ересек адамның және баланың манекені және .т.б
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы,Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгір көшесі
Қабылдау бөлімі: тел +7 (7282)23 30 48