Директордың блогы
Біздің жетістіктер

Виртуальная клиника

Виртуальді клиника – медициналық мекеменің құрылымын, қызметін симуляциялық технологиялардың көмегімен көрсететін модель.

Мамандарды дайындау арасында дайындықтың дәл осы түрі тиімді болып табылады:

  1. Науқастарға қауіпсіз, бірақ максимальді түрде шынайы жағдайға жақын клиникалық ситуацияларды туғызу.

  2. Бірнеші рет жұмыстарды қайталау, қателерді жібермеу және үйрену.

  3. Шұғыл ситуациялар кезінде әрбір медицина қызметкеріне қажетті кәсіби іс – шараларды көрсету және қолдану.

  4. Өзара  әрекеттер кезінде қайталап үйрету, топтық жұмыс кезінде көшбасшы рөлін анықтауды туғызады.

          Іс шара мақсаты – оқу – әдістемелік ұйымдарды құру, дайындық сапасын көтеру, қайта дайындау және квалификацияны көтеру, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымының мамандарының кәсіби біліктіліктерін жетілдіру.

Виртуальді оқыту клиникасының міндеттері:

  • Виртуальды оқыту клиника сабақтарды  ұйымдастыру, жаңа ұйымдастырылған дайындықтың сапасын, оқыту әдісін көтеру және бақылауға ықпал етеді.

  • Медицина қызметкерінің әртүрлі деңгейдегі біліктілігінің бағасы және оқыту жүйесі оқу – әдістемесіне ере жүреді.

       Симуляциялық технологиялардың пайда болуына сәйкес  тәжірибелік дағдыларды жүзеге асыру, білім алушылардың қорытынды және аралық аттестациясын жүргізу, орта білімді медицина қызметкерлерінің квалификацияларын көтеру және қайта дайындау мақсатында 2014 жылы Талдықорған қаласының медицина колледжі базасында «Виртуальді клиника» симуляция орталығы ашылды.

       Колледж студенттері база орталығында өздерінің тәжірибелік білімін және арнайы дағдыларын жетілдіруде. Орталық болашақ маманның клиникалық ойлау қабілетін бекіту және науқаспен жұмыс істеуді үйрету мақсатында механикалық тренажерлермен, муляждармен, фантондармен және маникенмен жабдықталған.

     Симуляциялық орталық 6 кабинеттен құралған:

    Қабылдау бөлімшесі – қабылдау бөлімі және санитарлық тазалықтан өту: антропометрия, науқасты санитарлық тазалықтан өткізу, клизма және басқа да манипуляцияларды жүргізу мақсатында барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

    Кіші оташа және таңу бөлімшесі – хирургиялық тәжірибелік дағдыларды қайта үйретуге арналған: асептика және антисептика ережелерін сақтау, қолды хирургиялық түрде өңдеу техникасы, стерильді үстелді дайындау, іріңдіктерді ашу, жараларды тігу, операциядан кейінгі жараларды өңдеу, тігістерді салу және алу, қанды уақытша тоқтату, байламдар және шина салу және т.б.

    Акушерия және гинекология бөлімшесі:
Арнайы роботы бар туу палатасы – қалыпты және ауытқыған босану кезінде ана мен ұрықтың жағдайын  шынайы түрде көрсетеді.

Әйелдер кеңесінің қарау кабинеті – жүкті әйел мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерді қабылдауды жүзеге асыру.

     Педиатрия кабинеті – жаңа туған нәресте мен емшектегі балаға күнделікті күтімін жүргізу, жедел түрде жүрек – өкпе реанимациясын жүргізуге арналған тәжірибелік дағдыларды қайта үйрету.

      Медбикелік технологиялар кабинеті:

      Процедура кабинеті дәрілерді парентеральді түрде енгізуге, дәрігерге дейінгі шокқа қарсы іс – шараларды жүргізуге, А және В топты препараттарды медициналық қалдықтарды қайта өңдеу әдісімен сақтау үшін механикалық тренажерлермен жабдықталған.

    Науқасқа күтім жүргізу палатасы артериальді қан қысымды өлшеу, пульсті санау, медициналық құжаттарды толтыру, қуыққа катетр қою, дуоденальді және фракционды зондтау, асқазанды жуу, тазалау, сифонды, майлы, гипертониялық және дәрілік клизмаларды қоюға арналған манекендермен жабдықталған.

      Терапиялық кабинет шұғыл көмекпен  – ішкі аурулар пропедевтикасынан тәжірибелік дағдыларды жетілдіру үшін: пальпация, перкуссия, аускультация, жүрек және өкпе патологиясында шу мен сырылдарды диагностикалау үшін манекендермен жабдықталған.

     Алғашқы көмек көрсету, жүрек – өкпе реанимациясын өткізу, анестезиология және реанимация шараларын өткізу үшін ересек адам  мен баланың оқыту манекендері бар.

     Әрине, симуляциялық оқыту барысында арнайы тәжірибе және алгоритмдер жүргізу үшін қарапайым манекендер мен тренажерлер де қолданылады. Бірақ бұл негізгі болып табылмайды, тек қана маманның білімін жаңарту, өзіне таныс кәсіби атмосфераға кіргізеді. Бұл қызметкерге науқастың жағдайы ауыр және таныс емес оның жұмысында сирек кездесетін клиникалық ситуациялар кезінде науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осындай оқытудан кейін маман иесі өз жұмысында білімі, біліктілігі, кәсіби ситуация кезінде жеке және қоғамдық қабілеті және өзіне деген сенімділігі артады.

По всем интересующим Вас вопросам обращайтесь по телефонам:

Также Вы можете задать вопрос, воспользовавшись формой обратной связи:

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Адрес:
040009, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі,